Ажар да сағынышқа айналып кетті...

Ажар да сағынышқа айналып кетті...

Осыдан алты жыл бұрын қазақтың аяулы азаматы, от ауызды, орақ тілді ақыны Оразалы Досбосынов отызға толар-толмас шағында көлік апатынан көз жұмған еді. Артынан аңырап қалың елі, жан-жары Ажар мен бір қыз, бір ұлы қалған. Аяусыз ажал енді ақынның балаларына пана болып қалған, ел ішіне әншілігімен танылған Ажарды да мәңгілік мекеніне ала кетті.
Әнші Ажар да Оразалының тағдырын қайталады. Осыдан бір күн бұрын таң ата Талдықорғаннан Алматыға бет алған көліктің артқы орындығында ұйық­тап келе жатқан Ажар қапелімде аунап кеткен темір тұлпардың астында қалып, ауруханаға барар жолда көз жұмды. Оразалыдай ақынға жар болған, қазіргі қазақ эстрада­сының жұлдызына айнала бастаған 33 жасар Ажар Түзелбекқызы Оңтүстік Қа­зақстан облысы Созақ ауданын­дағы Тасты ауылында туған. Көпбалалы отбасынан шығып, алты баланың кенжесі болып ерке өскен Ажар өнер сахнасында да еркелігімен ерекшеленді. Сонау Созақта өткен балалық күндерінен бастап қазақ әніне ғашық болып өскен Ажардың арманы өнер орда­сына айналған Алматыдай алып шаһарды жаулау еді. Ол бұл мақсатына енді қол жеткізіп, өнерінің өрісін бұдан да кеңейте түспекші еді. Ауыл мектебін тамам­даған соң, ол Алматыға келіп, Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқыды. Ажар­дың әншілік жолға түсіп, айтыстың ақтан­гері Оразалы Досбосынов­пен табыса­тын кезі де осы студенттік шақ  бола­тын.

Қазақ тыңдармандарына «Анаға хат» әнімен есімі жақсы таныс, жүрегінен мұңлы да сырлы саздар құйылып тұратын әнші Ажар Түзелбекқызы жары Оразалы өмір­ден озғаннан кейін оның мұрасын жинақ­тап, жоқтаушысы бола білді. Еліміз­дің қай өңіріне гастрольдік сапармен барса да, ол әр концерттік бағдарламасын Оразалыны еске алу сипатында өткізетін. Әлі де болса жүзеге асырсам деген шығармашылық жоспары көп еді. Әкесінің жоқтығын білдірмей, ұл-қыздарын өсіріп, жетілдірсем деп мақсат қойып, өмірге деген айрықша құлшыныста жүретін. Бір басылымға берген сұхбатында Ажар: «Көкейде жүрген арман көп қой. Өмірімдегі басты арманым – балаларымды қанаттандырып, адам қатарына қосу. Солардың әрдайым аман болғанын қалаймын. Жалпы, балаларым­ның болашағынан зор үміт күтемін. Есейіп, үлкен азамат болғанда «Оразалының ұлы мен қызы» деген атқа лайық болса деймін. Менің бар арманым – сол», – деп ағынан жарылған екен. Бәрінен бұрын балаларына ауыр тиді. Ораздан қалған екі тұяқ – Нұрайша мен Нұрсұлтан бүгінде А.Жұбанов атындағы музыка мектебінде білім алуда. Ажардың кейінгі жолдасынан да екіден енді асқан бір бала қалды. Туыстары марқұмның денесін кеше туған топырағына алып кетті. Ал Оразалы марқұм Алматы маңындағы Тұздыбастау қорымында жерленген. Күллі қазақтың сүйікті ақынына айналған жан жары Оразалы Досбосынов­қа арнап айтатын «Сағындым сені» әнінде Ажар:
«Күн батты, таң атты тағы да,
Ем таппай жаралы жаныма,
Жоғыңа сенбестен
               қарайлаймын жолыңа.
Сен едің ертегі аралым,
Дертімнің таба алмай амалын,
Таусылып ішімнен
               барамын, ау, қарағым...» –

деп жүрек шымырлатар шерге толы шумақтарды мұңды сазбен өрнектеуші еді. Енді өзі де сағынышқа айналып кетті...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста