Азамат Сатыбалды өзі туралы қауесеттерге нүкте қойды

Отандық танымал актер, Мүсірепов театрының басшысы Азамат Сатыбалды өзінің Түркістандағы жаңа театрға директор болып баратынына қатысты қауесеттерге жауап берді. Өнер иесі ел арасында айтылып жатқан сөздердің шындыққа жанаспайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Азамат Сатыбалды соңғы уақытта өзіне қатысты тарап жатқан түрлі қауесеттерден мезі болған көрінеді. Актер айтылып жатқан түрлі сөздерге Instagram желісінде нүкте қойды.

 

Ол жеке парақшасында арнайы жазба жариялап, өзінің Түркістан театрына басшы болып барғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

 

"Сөз. Сөз. Сөз. Мені Түркістан театрына Директор болып барады деген, өсекке бергісіз сөз желдей есіп жатыр екен. Ниет көңілдеріңізге Рахмет. Қазір тұрып жатқан әсем қалам Алматы мен жұмыс орным қатты ұнайды. Мен Ғ.Мүсрепов театрының басшысымын және М.Әуезов театрының актерімін. Актер үшін бұдан асқан бақыт бар ма?! Тек осы бақыттың баянды болғанын тілеймін Аллахтан.

Ал менің атымды жамылып дауды өршіткісі келетін әріптестеріме айтарым:

&ldquoАйдаладағы адамның атын қалқан қылып ұстамасаңыздар екен&rdquo! Ең болмаса бір адам телефон шалып менен сұраған жоқ, менің де аузымнан ол жаққа "директор болып барамын" деген сөз шыққан жоқ, құдай куә. Демек бәрі өтірік! Жүйелі сөз жүйесін тапса,жүйесіз сөз иесін қабады дегенді ұмытпасақ екен! Рахмет" , - деп жазды Азамат Сатыбалды.

 

Айта кетейік, бұған дейін Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театрының актрисасы Жадыра Сейдахметова Түркістан қаласындағы жаңа театр басшылығына Азамат Сатыбалдының келетіні жайлы жаңалыққа шүйліккен болатын.

 

Киелі өлкеде ашылғалы жатқан жаңа театрдың айналасындағы дау-дамайға актер Нұржан Төлендиев те өз пікірін білдірген болатын. Ол Азамат Сатыбалды туралы да өз айын айтты.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста