A.Z Ерке Есмахан туралы ашық айтты

A.Z  Ерке Есмахан туралы ашық айтты

Ninety one тобының экс-мүшесі, A.Z лақапатымен белгілі әнші Азамат Зенкаев журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Ерке Есмаханмен қалай танысқанын, оның әнші Райммен қарым-қатынасын қалай қабылдағанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Азамат Зенкаев Ерке Есмаханмен алғаш рет ән жазу мақсатында кездескен.

 

"Ол маған жазды, менің өлең жазып бергенімді қалады. Сол мәселемен кездескен болатынбыз. Өзі сондай қыз ғой, әзілдейтін. Сөйтіп әңгімеміз жарасып кетті. Аузымыз жабылмай, сөйтіп баурап алды ғой", - деп жауап берді әнші.

 

Ол сол кезде Ерке Есмаханға ғашық болғанын, алайда қазір күмәні бар екенін айтты.

 

"Ғашық болдым, жүрдім, 12 айдан асқан сияқты, санамайды екенмін. Анаммен таныстырдым, біледі ғой бәрі. Анам жақсы қабылдады. Сол кезде махаббат жалғасады деген үміт болды. Ол мені тастап кетті дей салайықшы", - деді ол.

 

А.Z Райм мен Еркенің қосылғанын жақсы қабылдаған және махаббатарының баянды болғанын қалайды.

 

"Бақытты болсын, жақсы болсын, бәрі күшті болсын деп қабылдадым. Өте күшті қабылдадым. Жо-жоқ, қайдағы депрессия? Ол нәрсені ойлап, мұңға батуға уақыт жоқ. Басқа қырлары жетіп жатыр ғой. Маған хабарласып, "Қалайсың?" деп жатқандар бар. "Қойыңдаршы, не айтып жатырсыңдар?" дедім. Өмірде қосылу болады, ажырасу болады. Әр адам өзінің өмірін сүреді, әр адам өзі біледі. Бәрі жақсы болса болды ғой. Бақытты болса болды. Бір-бірін тауып жатса, қуанамын. Неге қуанбасқа?! Махаббаттарының баянды болғанын қалаймын. Мәңгі бақи. Осыдан айырылысып кетіп көрсін", - деді ол.

 

Ол бағдарламаның соңында сұхбатта мүлдем өтірік сөйлемегенін айтты.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста