Ахмеди тағылымы

Ахмеди тағылымы

Таяуда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас ғимаратының үлкен мәжіліс залында А.Бай­тұрсынұлы атындағы Тіл білімі инс­титуты мен ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитетінің бірлесе ұйымдасуымен қазақ тіл білімінің негізін салушы аса көрнекті ғалым, профессор, филология ғылымының докторы ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі Ахмеди Ысқақұлының туғанына 100 жыл толуына орай, «Қазіргі қазақ грамматикасы мен терминологиясын зерттеу­дің негізгі бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теория­лық конференция өтті.
Конференцияға ҚР Үкіметі жанындағы терминологиялық комиссияның мүшелері: белгілі классик аудармашы, «Қазақ әлемі», «Литературный Казахстан» журналдарының бас редакторы К.Юсуп, тіл жанашыры, ме­ди­цина ғылымының кандидаты, профессор М.Ахметов, сонымен қатар филология ғы­лы­мының докторы, профессор Ж.Әбуов, ҚР ҰҒА академиктері Ә.Қайдар, Р.Сыздық сынды белгілі тілші ғалымдар қатысты.
Тіл төңірегіндегі түрлі зерттеулерге шолу жасаған жиынды А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, фи­ло­логия ғылымының докторы Ш.Құрман­байұлы ашып, аталған тақырыпқа орай ой-пікірін ортаға салды. «Профессор А.Ыс­­­­қа­қов және қазақ грамматикасы» атты негізгі баян­даманы жасаған филология ғы­лымдарының докторы, профессор Е.Жан­­пейісов ғалымның өмір жолы мен қазақ тілі мәселесіне арнаған ғылыми зерттеулерін және қазақ грамматикасы мен морфология­сының мәселелерін жан-жақты талдап көрсетті. Конференцияда ғалымның өмір жолы мен ғылым жолынан сыр шертетін естелік суреттері слайд арқылы қатысушы қауымға көрсетілді. Сонымен қатар Астана­дан келген қонақтар мен ізбасар шәкірттері Ахмеди Ысқақұлы жайлы естеліктер айтып, артында қалған мол ғылыми мұрасының баға жетпес құнды екендігін баса айтты.
Конференцияның алқалық жиыны сек­ция­лық мәжілісте жалғасын тапты. Пікір бө­лі­сіп, тәжірибе алмасу мақсатында қол­ға алын­ған секцияда жоғары оқу орында­ры­ның оқытушылары мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызмет­керлері профессор А.Ысқақовтың мор­фо­ло­гия іліміне қосқан үлесі туралы және грам­матиканың өзекті мәселелеріне ар­нал­­ған баяндамалар жасады. Алдағы уақытта осы ғылыми конференцияның материал­дары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институ­тында жинақ түрінде жария­ла­нады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста