Авторлық құқықты бұзғаны үшін айыппұл...

Авторлық құқықты бұзғаны үшін айыппұл...

Кез келген көшеде сатылып жатқан дискілерде бүгінде шек жоқ. Әрине, арзан болған соң, заңсыз тауар болғаны да. Алайда оларға тыйым болар түрі жоқ.

Жуырда ғана Жамбыл облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті заңсыз тауар жасап шығаратындарға тосқауыл қойған болатын. Қала орталығындағы ықшамаудандардың бірінде жасырын цех иесі анықталды. Ол цехтан дискілерді көшіріп басуға арналған компьютер және түрлі-түсті принтер табылды. Қолға түскен цех иесі өз еркімен заңсыз дискілерді қалай жасап шығаратынын түгелдей түсіндіріп берді. Жаңа фильмдер мен музыкаларды компьютерден көшірген соң, интернеттен алынған суреттерден коллаж жасап, сыртқы қорабын қаптап отырған. Байкенов салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болып шықты. Дискіні шығаруға және оны сатуға ешқандай лицензиясы да жоқ. Ол заңсыз әрекетімен «Қазақ әндерін орындаушылар» республикалық қоғамдық ұйымына 3 миллион теңгеге жуық және «Виде-Аудио-Меломан» ЖШС-іне 2,2 миллион теңге залал келтірген. Авторлық құқықты бұзғаны үшін оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жыл басынан бері қаржы полициясындағылар авторлық құқықты бұзу бойынша 16 факт анықтаған. Осыған орай, он қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды. Заңсыз айналымнан 8 мың дана контрафактілі диск алынған. Келтірілген залал көлемі 26 миллион теңгеден асып-жығылады. 7 мыңнан аса қарақшылық дискі тәркіленіп жойылды. Қордай ауылының тұрғыны Садыковаға 300 мың теңгенің заңсыз дискісін алып сатқаны үшін айып тағылып, 240 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды. Жеке кәсіпкер Б.Әділбекова «Бука» АҚ-ның компьютер ойындарына арналған заңды құқығын бұзған. Бұл ұйымға 1,5 миллион теңге шығын келтірген.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста