Осы аптада қазақстандық әйгілі "Ауылдан қашу" фильмінің жалғасы прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Актер, режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбайдың туындысын 26 қарашадан бастап еліміздің кинотеатрларынан көруге болады.
Екінші бөлімде басты рольдерді Нұртас Адамбаев пен Аружан Жазылбекова ойнайды. Сонымен қатар, фильмге Дінмұхамед Ахимов, Әлішер Өрікбаев, Жан Ізбасар, Әлішер Өрікбав, Айнур Ілиясова, Бауыржан Орда, Максим Акбаров, Бахтияр Қожа түсті. Айта кетейік, фильмнің алдын ала көрсетілімін 600 қонақ, актерлер мен тілшілер 4 кинозалдан көрді. Төрт зал да адамдарға лық толды.
Продюсердің айтуынша, адалдық, достық, махаббат пен ақша туралы фильм 18 күннің ішінде түсіріліп біткен. "Шынымды айтсам, фильмді біз 22 ауысымда түсірдік. Аружан Жазылбекова алаңда көп жұмыс істеп жатқанымызды үнемі еске салып тұрды. Дегенмен жұмысымыздың әр сағатында пайдалы дүниелердің коэффициенті жоғары болуын қатты қадағаладық. Себебі біз фильмді мемлекеттің емес, өз қаражатымызға түсірдік", - деді картина режиссері Нұртас Адамбаев.
"Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" фильмінің алдын ала көрсетілімінің алдында.
moreInfo:https://kaz.tengrinews.kz/cinema/auyildan-kashu-mahabbat-operatsiyasyi-film-nebar-18-kunde-266519/
copyRules
Оның сөзін белгілі актер Дінмұхамед Ахимов та растады. "Мен 47 жыл бойы киностудияда жұмыс істеп келемін, кеңес заманынан бері 100 шақты картинаға қатыстым. Сонымен қатар шетелдік 9 фильмге түстім. Айта кеткім келеді, Нұртаспен жұмыс істеу рахатқа бөлейді. Дегенмен ол мені түсірілім алаңына таңғы сағат 9.00-да шақырып, түнгі 11,12 шамасында ғана қайтарды. Ол фильмнің режиссері мен актері ғана емес, продюсері. Ол маған бес түсірілім күніне ақша төлемес үшін бір-екі күнде аяқтап тастады. Екі жылдан кейін мен 70 жасқа келемін. Дегенмен бұл жігіттермен жұмыс істеу кезінде мен түк шаршамадым", - деді Ахимов.
Дінмұхамед Ахимов (оң жағында).
Нұртас Адамбай өмірге деген қызығушылқтары жөнінде де сөз қозғады. Әлеуметтік желілердегі парақшаларында саясат туралы көп жазатын ол саясатқа неліктен кетпегенін айтып берді. "Мен халыққа киностудияда көбірек пайдамды тигізе аламын деп ойладым. Депутат болудың не қажеті бар, ол жақта онсыз да халық қалаулылары көп. Өз тәжірибемнен жобаларыммен жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай алатынымды білдім", - деді Адамбаев.
Сол жағында актер Бахтияр Қожа. Ортасында Ерлан Стамбеков және әнші Нұрлан Абдуллин.
Нұртас Адамбаев.