Әуезовтің ататегі түгенделді

Әуезовтің ататегі түгенделді

Алғаш Абайдың өлеңдер жинағын Мәскеуде мырзақамақта отырса да, тікелей өз қадағалауына алған Алаш арысы Әлихан Бөкейханов болса, Абайдың сонау түп-тамыры, қоғамдық ортасы, сол замандағы қазақтың жай-күй, тұрмыс-салтымен түгел хатқа түсіріп, тұтас эпопея жасаған ұлы Мұқаң екені даусыз. Ана сүтін арда емген, ататегінің тамырдағы қанын ақтаған Алаштың осындай  текті ұлы Мұхтар Омарханұлының осы күнге дейін ататегі жайлы толық зерттеліп, жазылмақ түгіл, ауызға алудың өзі мұң болған заман да өтті.
Аяулы Мұқаңның биыл өмірден өт­ке­ні­не 50 жыл болса, тұлғаның мұражай үйі­не де – 50 жыл. Осы орайда, таяуда біз Әуе­­зовтің 50 томдығы жарыққа шыққанын ай­­тып, алты Алаштан сүйінші сұрасақ, енді заң­­ғар жазушының ататегін түгендеген кі­тап­­тың дүниеге келгенін айтып, жар сал­мақ­­пыз. Әрине, осы тұста біз әуелі Мұқаң­ның өзі­­нен жоғары тұрған әкесі, ата-ба­ба­сы бо­лып кете беретін қасиетті шежіресін бі­­рін­ші бо­лып түзіп, кітап жазған Сейітомар Сат­таров ең­бегін атап өтуіміз шарт. Сосын ба­рып Әшір­бек Муминовтің «Родословное дре­­во Мухтара Ауэзова» еңбегін айтсақ орын­ды. Бұл кітаптардың шығуы зиялы қа­уым­­ды, қалың бұқараны түрлі толғанысқа тү­­сі­ріп, көкейде әрқалай сауал тудырады екен.
Әлқисса немесе Әуезовтің тегін зерттеу неге кешеуілдеді?
Біріншіден, кеңес дәуірінде бұл мәселе жай­лы ауыз ашу мүмкін болмады. Тек Әуе­зов қана емес, өз түптамыры жайлы, ары­ға бармай, атасының атын айту тек арадан қыл өтпейтін достар болып, асүйде не бол­маса сондай оңаша жерде мүмкін болмаса, жал­пы, халық арасында тіпті қазақша сөй­леу де мұң болғаны белгілі. Бұғаудың не екенін тіл, діл, дін жайлы жақ аша алмай булыққан қазақ терең сезінді.
Смағұл Елубай, жазушы:
– Қазақ руханиятының алып дің­ге­гін­дей Әуезовтің ататегін білу бізге па­рыз еді. Қазақ үшін өлшеусіз қызмет жа­­саған тұлғаның алдындағы жа­уап­кер­шілік деген тұрғыдан қара­ғанда, мой­нымыздағы жауапкершіліктің жү­гі­н­ен аз да болса арылғандаймыз. Өйт­ке­ні өркениетті елдердің қайсысы бол­са да, тіпті алысқа бармай-ақ, орыс мә­­­дениетіне үңілсеңіз, Пушкиннің ата­тегі, жүрген-тұрғаны әлі күнге дейін жазылумен келеді. Ол туралы жазылған еңбектер ол өзі жазған еңбектерден бір­неше есе асып кетсе де, Пушкин те­гін зерттеу бір сәтке де тоқталған жоқ. Ал енді Мұқаңның тегіне келсек, ол кісі өзі көп ашылып, шыққан тегі жайлы айта бермеген, дегенмен бірде Қалтай Мұхамеджанов ағамызбен әң­гімелесу барысында өзінің Мұхам­мед пайғам­ба­рымыздың (с.ғ.с) 51-ұрпағы екенін айт­­қан екен. Сондықтан мен ай­тар едім, бүгінде біз Әуезов тегін осы­лай дә­ріптегеніміз дұрыс. Ал енді ұлы жа­зу­шының заманында олай айту да, жа­зу да мүмкін болмады, сондықтан қа­зір мы­надай ғылыми-зерттеу, ше­жі­ре шы­ғып жатқанына аруағы риза деп ойлай­мын.

Мұрат Әуезов, жазушы:
– Былтыр Сейітомар Саттаровтың «Мұх­тар Әуезовтің ататегі» деген ең­бегі шыққан. Ол көбіне шежіреге сү­йен­ген еңбек болса, биыл, міне, дү­ние­ге келген шығыстанушы ғалым, та­рих ғылымының докторы Әшірбек Мү­миновтің «Родословное древо Мухтара Ауэзова» туындысы – бұл енді терең ғылыми-зерттеу еңбегі. Себебі кітап әуел баста Орталық Азияға ислам дінінің қалай келгендігінен басталады. Содан бері қарай өрби келе, біздің тегімізге өтеді. Біз, Әуезовтер әулеті, қат­ты толқудамыз, себебі тегімізбен қа­уышу – бұл алдымен ата-баба­мыз­дың рухымен қауышу. Алайда осы тұс­та айта кетейін, бұл бізге мақтан үшін не­месе халықтан бөліну үшін емес, ұр­пақ алдындағы үлкен жауапкершілікті се­зіну үшін қажет еді. Себебі әуезовтану бар болғанымен, онда әкеміздің өскен жан­ұясы, шығармашылығы, ортасы жай­­лы айтылғанымен, дәл осы тегін зерт­­теуге саясат мүмкіндік бермеген еді.

Тақырыптың өзі тың, сондай-ақ оған бұ­рын-соңды белгісіз болып келген тың де­ректер де қосылған. Бір ғана мысал: Мұқаң, әкесі – Омар­хан, оның әкесі – Әуез, Әуездің әкесі – Бер­діқожа, Әбдіқо­жа­дай бабаның зираты белгісіз болып кел­ген. Осы орайда жазушы те­гін зерттеуге жылда­рын арнаған Сейіт­омар Саттаровтың ерен ең­бегін айтпау – айып.
Сейітомар Саттаров, зерттеуші, ше­жіреші:
– Бір әулет, яки бір атаның балала­рын­ан ұлт үшін қызмет еткен үш ұлы тұлғаны беруі – тарихта өте сирек кез­десетін құбылыс. Арғы жағындағы Ысқақ бап, Қожа Ахмет Ясауиді айт­па­ғанның өзінде, 1320 жылдардың көле­мінде Алтын Ордаға келіп, Дешті Қып­шақ­қа имам болып сайланған – Бақ­ша­йыш баба, Ақтөбе облысында Ор қала­сы мен Ырғыздың бойында Бақ­шайыш ба­ба атындағы өзен бар, одан бес ша­қы­­рым жерде ол кісінің үйі мен ме­ші­ті­нің орны бар. Өз басым көріп, халықпен сөй­лесіп, суретке түсірдім. Одан бері 700 жылдай өтсе де, халық сол жерді қастер тұтады. Екін­ші бір ұлы тұлға – 1684 жылы Тәуке хан­ның тұ­сында үш рет имам сайланған Мүсі­рә­лі баба. Үшін­ші – Мұхтар Әуезов. Ал ен­ді бұл кі­сінің сонау арғы ба­ба­сының ба­басы Әб­діқожаның мазарын таптық. Бұл – өте үлкен оқиға, себебі қаншама ға­сыр ол кісінің мазары түгіл, аты-жөні дұ­рыс атал­май, тарихтан жойылып кете жаз­даған. Барлық шежіреде баба есімі жоқ, тек Саяқов деп келеді. Ал, не­гі­зін­де, Саяқ деген адам өмірде болғаны рас, бірақ ілгеріде өмір сүрген.

Түйін
Бұл да болса – Тәуелсіздіктің жемісі, яғни өзіміздің жеті құлып астында жатқан өткенімізбен қауышып, өшкенімізді жағып, өлгенімізді тірілтіп жатырмыз. Және мұнда біз бір нәрсені ұғып алуымыз шарт – осындай еңбек арқылы Әуезов немесе сол әулет өз тегімен қауышып отырған жоқ, сол арқылы тұтас қоғам, тұтас ұлт тамырына қан жүгірді. Ал мұндай тарихи оқиғалардың ұлттық рухты дүр сілкінтіп, тарихи сананы оятары даусыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста