Аударма ел мен елді жақындастырады

Соңғы кезде аудармалардың сапасыздығы, тұрпайылығы, мағыналық қайшылығы, ондағы түрлі өрескел қателіктер жайлы баспасөздерде жарыса жазылуда. Теледидарда қаншама хабарлар беріліп, пікірталастар өрбуде. Осының бәрі түптің түбінде білімді, білікті аудармашы мамандар даярлаудың қажеттілігін өткір көтеруде. Осы орайда біз белгілі журна­лист-­публицист, болашақ аудармашыларды даярлап жүрген ұстаз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, фило­логия ғылымының докторы  Әнуар Тарақовтың бірауыз пікірін білген едік:
– Тәуелсіз мемлекетіміз үшін аса маңызды осынау міндетті шешуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситеті біршама бағдарлы жұмыс жасауда. Бұрын орыс-қазақ, қазақ-орыс тілдерінде аударма жасап жүрген студенттер соңғы жылдары қазақшадан – ағылшын тіліне, ағылшыннан қазақ, орыс тілдеріне әртүрлі шығармалар аударып жүр. Студенттердің аудармашылық машығын жетілдіру бағытында да оң істер бар. Ең бастысы – кафедра оқытушылары аударма ісіне ма­ман­данған. Соңғы кездері көптеген негізгі пән бойынша оқу құралдары әзір­лен­ді. Аударматану ғылымының әлемдік жетістік­тері жаңа зерттеулерге негіз болуда. Дип­лом жұмыстары мен магистрлік диссерта­цияларда қазақ көркем шығарма­ларының орыс, ағылшын тілдеріне аударылу деңгейі сараланумен бірге, шетел және ТМД елдері әдебиетінің қазақша тәржімелену сапасы да сарапталуда. PhD докторанттар мен магистранттардың қазақ аударматану ғылымы  туралы мақалалары шетелдік бе­дел­ді басылымдарда жариялануда. Аудар­ма ісі бөлімін үздік бітірген студенттеріміз мемлекеттік органдарда, Қазақстандағы шетелдік компаниялар мен фирмаларда және еліміздің әр саласындағы ірі мекеме­лерде аудармашылық қызметін жалғас­тырса, магистранттарымыз жоғары оқу орындары мен колледждерде ұстаздық етуде. Әрі аударматану ғылымы саласын­дағы ізденістерін жалғастыруда.
Аудармашы – аса қиын мамандық. Тәуелсіз еліміздің бүгіні мен келешегіне қажетті мамандық. Қазақстанның барлық құрлықтағы мемлекеттермен қарым-қаты­насы артып келе жатқан кезде әртүрлі байланыстардың жасалуы аударманың қай түрінің де маңыздылығын айқындай түседі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың фило­ло­гия, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі аударма ісі бөлімі талап­кер­лердің аудармашы болу арманын жүзе­ге асыруына толық мүмкіндік жасауда. Соңғы уақытта ауызша аударма түрінен (синхрон­ды және ілеспе аудармашы) маман даярлау қолға алынуда. Қазіргі заманғы техникалар­мен, аппаратура­лармен жабдықталған кабинеттер бар. Мұндағы пәндер мен курс­тардың мазмұны аударманың бұл түрінен мамандануына толық сәйкес келеді.
Тәржіме – талай ғасырдан бері халық­тар арасындағы қарым-қатынастың, сан алуан байланыстардың алтын арқауы. Бұл – мәңгілік үзілмес мықты арқау. Ел мен елдің арасындағы түсіністік пен туыстықтың қуаты, тірегі. Халықтар арасындағы сан салалы қатынастың қолдаушысы аударма­шы мамандығы екенін айтсақ, аудармашы болу – әрбір саналы, білімді жастың асыл мұраты. Сол асыл арман-мұратты іске асы­рар білім мен ғылым ордасы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма ісі бөлімі. Ол қазіргі уақытта халықаралық коммуникацияның аса қажетті буыны – аудармашы деген қадірлі мамандықты даярлайды. Мұнда студенттер қазақ, орыс бөлімдерінде ағылшын тілін оқумен бірге аударманың барлық түрін меңгеріп шығады.

Қаперге
ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде 15 жылдан астам уақыттан бері аудармашылар даярланып келеді. Бұрын «әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы» аталған кафед­ра қазір «аударма теориясы мен әдіснамасы» деген атауға ие. Кафед­­ра негізінен жазбаша (ақпараттық) аудармашылар даярлайды. Яғни аударма ісі бөлімін бітірген студенттер ғылы­ми-көпшілік, техникалық ресми-іскери және басқа да қоғамдық саладағы әдебиеттер­ден аударма жасауда. Мұнда негізгі басымдық көркем аударма­ға беріледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста