Аты да, заты да – КЕМЕЛ...

Шытырман хикаялы про­за жанрында қалам тарт­қан белгілі жазушы Кемел Тоқаев­тың туғанына 3 нау­рызда 90 жыл толғалы отыр. Аудармашы, детектив жанрының жанкүйері Заман­бек Әбдешовтің жаз­ба­ла­рына жүгінсек, шығар­малары кезінде Ішкі істер министрлігінің шытырман оқиғалы детектив жанрына тағайындаған арнайы сыйлықтарын иеленген Кемел Тоқаевтың бір кітабы 450 мың данамен шыққан кезі де болыпты. Соған орай сол кездегі баспа ісі саласының басшысы Шерияздан Елеукенов «Әуезовтің шығармалары да мұндай тиражбен шықпаған» деген екен.
Жазушы Алматы облысы Қаратал ауда­ны Кәлпе ауылында дүниеге келген. Жиырмаға толар-толмас шағында Ұлы Отан соғысына аттанып, 226-­шы атқыштар дивизиясында, кейінірек 7­-ші гвардиялық танк полкінің құрамында Сталинград, Бе­ло­руссия, Украина жерлерін азат етуге қа­тыс­қан. Майданда екі жарым жыл шайқас­қан ол оң аяғынан ауыр жарақат алып, II топ­тағы мүгедек болып елге оралған. С.М.Ки­ров атындағы Қазақ мемлекеттік уни­верситетінің филология факультетін бітірген соң Жамбыл облыстық газетінде қыз­мет еткен, кейін Алматыға келіп, «Ле­нин­шіл жас», «Қазақстан пионері», «Со­циа­лис­тік Қазақстан» газеттерінде жұмыс іс­тейді.


Тұңғыш кітабы – «Жұлдызды жорықты» жазушы республика пионерлерінің өмірі­не арнаған. Одан кейін Кемел Тоқаев ми­ли­ция қызметкерлерінің ауыр еңбегі ту­ралы «Тасқын» атты көркем туынды жаза­ды және ол тек қазақ оқырмандарының ғана емес, Қырғызстан, Өзбекстан, Моң­ғо­лия оқырмандарының да жүрегіне жол табады. Артынша жазушының кеңес че­кистері тақырыбына арналған 10-нан ас­там кітабы, сондай-ақ «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?», «Сиқырлы сырлар» пье­саларының, «Қыс қарлығаштары», «Бо­ла­шақ туралы ойлар», «Түнде атылған оқ» повесі, «Ұясынан безген құс», «Соңғы соққы», «Солдат соғысқа кетті» іспетті бас­қа да романдары қазақ және орыс тілде­рінде басылып шықты. Қазақстанның Ха­лық Қаһарманы, әйгілі партизан, жазушы Қасым Қайсенов баспасөзге берген бір сұхбатында: «Маған үйір боп, табандылық танытып, мен туралы қазақша, орысша кітап жазған Кемел Тоқаевтың еңбегін жо­ға­ры бағалаймын», – деген екен. Қасым Қай­сенов туралы кітабын жазу үшін Кемел Тоқаев Қасым ағамен тіпті Украинаға де­йін бірге барып, партизан достарымен кез­десіпті. Бұл жазушының еңбек­қор­лығы мен табандылығының дәлелі іс­пет­тес. Жүз мыңдаған тиражбен шықса да, Кемел Тоқаев туындылары кітап сөре­ле­рінде тұрмайтын. Себебі оның еңбектері оқырмандардың үлкен сұранысына, қы­зы­ғушылығына ие болатын және шығар­малары жас талғамайтын.
Қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленген, қазақ әдебиетіндегі алғашқы детективтік шығарма – «Соңғы соққы» ро­маны. Бұл романы жарыққа шыққаннан ке­йін жазушыға сыншылар мен көптеген оқырмандардан жақсы пікір мен алғыс білдірген хаттар түскен. «Соңғы соққы» романынан кейін жазушы өзінің ғұмыр­на­малық «Солдат соғысқа кетті» атты тарихи романын жазады. Романда қан майданды еш боямасыз, шынайы, әдеби көркем тіл­мен суреттейді. Кемел Тоқаев қазақ әде­бие­тінің ірі тұлғалары – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұх­тар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқа­нов­тарға үлкен құрметпен қараған. Ал өз за­мандастарының арасынан Әбділдә Тә­жі­баев пен Әбіш Кекілбаевты, кейінгі буын жазушылардан Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Қалихан Ысқақ, Асқар Сүлей­ме­нов, Мұхтар Мағауин, Сәтімжан Санбаев, Баққожа Мұқай, Қоғабай Сәрсекеев, Орал­хан Бөкей, Дулат Исабековтің шы­ғар­маларын жоғары бағалаған. Жазушы­ның шытырман оқиғалы хикая, романдары шынайылығымен, өзіндік жазу стилімен, көркем тілімен ерекшеленетін.
Мемлекет қайраткері, көрнекті дип­ломат Қасымжомарт Тоқаев «Әке туралы толғаныс» атты ғұмырнамалық кітабында әкесі Кемел Тоқаев пен анасы Тұрар Ша­бар­баева туралы естелік әңгімелерін жазған. Бұл – перзенттің ата­-анаға деген құрметі, жүрек сыры. Осы кітабында Қ.Тоқа­ев: «Әкем үшін Отан деген ұғым бәрінен де жоғары тұратын. Әкемде жеке­меншіктік психо­логия деген атымен бол­майтын, қоғам­ның, мемлекеттің мүддесін әрқашан бәрі­нен жоғары қоятын. Ол шын мәніндегі зия­лы адам болатын. Адамдар туралы еш­қашан өсек айтпайтын, реніші мен ашуын сыртқа шығармайтын. Мұндай мінез әр­кімде бола бермеуі мүмкін. Ол ылғи да қиын немесе ыңғайсыз жағдайға тап бол­ған басқалар үшін мазасызданатын. Әкем­нің кітаптары оның мінезінің айнасы іспет­тес: ол білімді, жан-жақты толысқан адам болды. Ол әдебиет­ке көзсіз берілген жан еді, сондықтан да күн демей, түн демей еңбек етті», – деп құрметпен еске алған.
Кемел Тоқаевтың өнегелі өмір жолы, еңбекқорлығы мен адами қасиеттері жас ұрпаққа үлгі болуға лайық. Ал оның ту­ын­дылары әдебиет тарихындағы асыл қазы­на, өшпес мұра болмақ.

Замандастар лебізі
Шерияздан ЕЛЕУКЕНОВ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор:
Ол кісіні білмейтін адам кемде-кем еді
– Кемекеңмен Баспа комитеті жүйесінде қызмет етіп жүр­генде таныстым. Оған дейін сырттай есіміне қанық болатынмын. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ ССР Ішкі министрлігі кеңес милициясы мен чекистерге арналған шығармаларға бәйге жариялағанда бірінші бәйгені қатарынан төрт рет алып, қайран қалдырған лауреатты ол кезде білмейтін адам кемде­-кем еді. Сондай-ақ детектив жанрына төселіп алған жазушының «Көмескі із», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма» по­вес­тері кітап сөрелерінде шаң қауып жатпай, тез арада өтіп кететіндіктен, баспа орындары пайда табу мақсатында әлденеше рет қайта басып шығарғанын да білетінмін. Сырттай сыйлап жүретін адамыңмен кездескенде қалай сөйлесіп шүйіркелесетінің белгілі. Орта бойлы, қапсағай денелі, толқынды қою шашын сол жақ самайына құлата қайыратын, үстіндегі киімін бипаздап, қыл жұқтырмай ұстайтын, әрқашан сабырлы, орнықты Кемекеңмен әрдайым жылы шырайлы сыйластық қатынаста болдық.
Мұзафар ӘЛІМБАЙ, Қазақстанның Халық жазушысы:
Уақытын жеке шығармашылығына арнады
– Кемел Тоқаев біртоға, тіпті тұйық мінезділеу, аз сөйлеп, көп тыңдауды қош көретін жігіт еді. «Кемел біреумен сөзге келіп қа­лып­ты, жүз шайысыпты» деген сияқты әңгімені әсте естіген емес­піз. Әлдебіреулердің үстінен алыстан ғайбат айтып, айбат шек­кенін де көрген емеспіз. Жазушы Кемел Тоқаевтың көркем әде­биет сынына атсалысып, қатар­ құрбы-қаламдастарының жаңа кітабына, газет-­журналдағы әңгіме, хикаяттарына пікір білдірген тұсы да есімде жоқ. Ол өзін де, уақытын да жеке шығармашы­лығына арнаған қажырлы қаламгер болды.
«Социалистік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының «Жаршысында» бас редактор, Жазушылар одағында әдеби кеңесші болды да, бізден алыстау жүрді. Замандастары арасында сынапша сырғып, алты айда бір қызмет ауыстыратын баянсыздармен салыстырып қара­сақ, Кемелдің ұстамдылығы, орнықтылығы ерекше еді. Өз басым тікелей, жиі араластық дей алмаймын. Бірақ кездескен сайын Ке­мел жаңа бір қырынан ашыла түскендей әсер қалдыратын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста