Асылхан Төлепов: Мен Surep Star KZ жобасына қатысып, екінші орын алғанмын

 Қазақстандық актер Асылхан Төлепов қызықты оқиғасын айтып, оқырмандарының көңіліне көтерді. Актер Super Star KZ жобасына қатысып, жеңімпаз болғанын айтты. Базарда банан сатып күн көргенін жеткізді.

"Мен қалай Surep Star KZ-ке қатыстым? Мектеп кезінде әркімнің арманы бар шығар: біреу президент болғысы келсе, біреу әкім болғысы келеді, біреу сахнаға шығып ән айтқысы келсе, біреу танымал актер болғысы келеді. Ал мен таэквондадан олимпиада чемпионы болғым келген. Алайда, алдында айтып кеткендей, өмір біз ойлағандай бола бермейді, өнер жолы алдымнан шыға келді.

Өнер жолындағы алғашқы қадамдарымның бірі - сол кезде дүркіреп тұрған Super STAR KZ-ке қатысқаным еді. Йә, көбісіңіз білмейтін шығарсыздар, бірақ айналадағы достарым, үлкен кісілер барлығы естігенде қатты қуанып, үміт артқан болатын.

Үміттерін ақтадым деп айта аламын, екінші орын алып қалғаным болмаса. Ең бірінші этапта, кастингтен әйгілі "Құрбым, жан құрбым, бала кезімнен..." әнін айтып, аман-есен өткен болатынмын", - деп жазды ол парақшасында.

Айтуынша, өзі таэквонда шебері болуды армандаған. Алайда тағдырды жазуымен өнер жолына келген.

"Екінші этапта "Наурыз" әнін айтқанда да көрмермендер мен жюрилар оң бағасын берген болатын. Естеріңізге түсіп жатыр ма?

Үшінші этаптан сүрінбей өтіп финалға жеткенде белгілі бір себептермен қатыса алмадым. Ол қандай себеп дейсіз ғой? Сол кезде параллельно таэквондадан жарысқа барған болатынмын. Ол жақтан да екінші орын алып, жақындарымның үмітін чуть ақтадым.

Айтпақшы, жюрилардың құрамында Нағима Есқалиева, Серик Акишев, Ляйля Сұлтанқызы болған жоқ. Музыкадан беретін апайымыз, ағам Артур, қазіргі кезде мықты копирайтер Данияр Жігітбек үшеуі болатын. Достар, негізі мен мектептегі Super Star KZ-ты айтып отырмын.

Мектепте, мойындаймын, озат болмадым, бірақ белсенді болдым. Қандай да бір іс-шаралар болғанда мектептің атынан шығып орындар алып, сабақтағы косяктарымды жабатынмын. Жасырмаймын, сабақтарымда 3 болды. Бұл сөзіммен оқырмандарымды 3-пен оқыңдар деп шақырмаймын. 5-пен оқыңдар. Бірақ ең бастысы мақсаттарыңызды қоя біліңіздер! Баға ешнәрсе шешпейді", - деді ол.

Желі қолданушылары жақсы пікір жазып, актердің әншілік өнерін тамашалағысы келетінін жазып жатыр.

"Достар, Сіздерге бір ғана Super Star KZ-ке қатысқанымды айттым. Бұдан бөлек қаншама қызықты оқиғалар, қиыншылықтар басымнан өтті. Осылардың барлығы менің актер болуыма тікелей әсер етті. Мысалы, Алтын Ордада банан сатып ақша тапқан кездерім болды. Тіпті MEGA-ның өзі маған банан тапсырыс беретін", - деді Төлепов.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста