Асылдың сынығы еді

Табиғат-ана нендей қатал едің. Кеше ғана жүзінен жылылық пен жүрген ортасына шуақ шашып, үлкенге – іні, кішіге – ұлағатты ақылшы, туған-туысқандарына жанашыр болған Өнер Ғаббасұлы Смағұлов 75 жасқа таяған шағында кенеттен дүние салды. Ұлдары Жанартас пен Айдынға, қызы Гүлмараға үлгілі әке неме­релерінің, әсіресе үлкені Бейбітінің болашағына үлкен үміт артып, ерекше еркелететін. Ол 50 жылдай отасқан сүйікті жары Майраны алақанында аялаған, өзім дегенге өзегін суырып беретін ардақты жан еді.


1964 жылы Семей зоотехникалық-мал­дәрігерлік институтын бітірген соң, еңбек жолын Мақаншы ауданының Бақты совхозында зоотехник қызметінен бастап, бас зоотехник, колхоз бастығының мал шар­уашылығы жөніндегі орынбасары, аудандық ауыл шаруашылығы басқарма­сы­ның бас зоотехнигі және бірінші орын­басары қызметтерін атқарған.
1978 жылдан Мақаншы ауданы Қа­ра­бұлақ совхозының директоры бол­ған 15 жылда ауылды әлеуметтік-эко­номи­ка­лық дамыту үлгісін іске асы­рып, рес­пуб­ликадағы тәжірибе мектебіне ай­налдырды.
Семей облысы Абай ауданының әкімі кезінде оның 1995 жылы ЮНЕСКО бағ­дар­ламасының аясында өткізілген ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойында Қа­зақстан Республикасының Тұңғыш Прези­денті Н.Ә.Назарбаевқа ақ боз ат үстінде рапорт бергені ел есінде. Ол хакім Абай­дың досы Ерболдан тараған ұрпақ еді. Сондықтан да ұлы ақынның тойын өткізу оған берген Алланың сыйы болар. Өзінің ерен еңбегімен, жары Майраның мол дас­тарқанымен көптің көңілінен шыққан асыл жан өмірге құштар еді... Өкінішті-ақ, амал нешік, қош бол!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста