Асхат Тарғын Алматының төрінен пәтер алды (фото)

 Қазақ ойларында хитқа айналған "Мария арман едің" немесе "Чип-чип-чип" әнінің орындауышысы Асхат Тарғынов хит әнінің арқасында қаламақасы әжептәуір өсіп, тіпті Алматыдан екі бөлмелі пәтерге қол жеткізді, деп хабарлайды  erkindik.kz сайты. 

Асхаттың бойтұмарына айналған "Мария магдалена" (әннің алғашқы атауы) тойларда жұртты жапатармағай билетеді. Қазір тіпті ресейліктер де осы әнге күлкілі видероликтер түсіріп, ғаламторға жариялайтын болған. Афроамерикалықтардың да осы әнді қосылып айтып, билеп жүрген видеосын ғаламтордан көруге болады. Қалай дегенде де Асхаттың осы ән арқылы жұлдызы жарқырап, аз ғана уақыттың ішінде күллі елімізге танмалдығы арта түсті. 

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туып өскен Асхат Алматыда да бір үйге қол жеткізді. Асхаттың айтуынша, Алматыдан баспан сатып алғаннан кейін ол пәтерге толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізген. "Мен жалпы ырымшыл адам емеспін. Дегенмен жаңа үйге кірерде құрбандық шалып, молданы шақырып құран оқыттым. Ең жақын деген туыстарымды, достарымды шақырып, дастархан жайдым. Етжақындарымның ақ тілектерін естіп бір жасап қалдым", дейді әнші. 

Асхат өзінің пәтеріне керек-жарақтың түгелін өзі таңдап алғанын айтады. "Мен өзімнің пәтеріме қажетті жиһаздарды, кілемді, тіпті ыдыс-аяқты да өзім таңдадым. Өзімнің талғамыма сай жиһаздарды орналастырдым" дейді ол. 

Асхат Тарғыновтың шығармашлығында да жаңалықтар жоқ емес көрінеді. Ол "Биле, жеңге" деген өлеңге бейнеклип түсіріп жатқанын да тілге тиек етті. "Клипте қаланың шолжаң өскен қызы ауылға келін болады. Оның қолынан ешқандай тірлік келмесе де ауылға ерекше көңіл-күй ала келетінін клипте көрсетуге тырстық дейді әнші". Асхаттың жаңа клипі қыркүйек айында  телеарнадан көрермендерге көрсетіледі. 

 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста