ASTANA кинофестивалі – үлкен сынақ

Биыл елордада өтетін экшн-фильмдердің II Халықаралық ASTANA кинофестивалі Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралардың шымылдығын ашатын болады. Фестивальдың биылғы бағдарламасын ерекше салтанатпен ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ал, ең бастысы, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында өтетін кинофестиваль кезінде қазақстандық кинематографияның бүгінгі жай-күйі талқыланып, осы саланы дамыту жолдары қаралатын болады.

Бекмамбетов жарап тұр
Осы орайда, экшн-фильмдердің II Халы­­қаралық ASTANA кинофестивалінің ұйымдастырушылары арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, іс-шараны өткізу жұ­мыстарының кейбір құпия тұстарын ашып берді. Кинофестивальдың бас директоры Ирен Ванидовская атап көрсеткендей, биыл кинофестивальдің ашылу салтанаты Бейбітшілік пен келісім сарайында өтеді. Шілденің 1-нен бастап бұл жерде күнде әлемдік кинотуындылардың гала-премье­ралары  ұйымдастырылады. Ал фестиваль­ға қатысушы барлық экшн-фільмдердің көр­сетілімі Хан шатырында болады. Сондай-ақ кинофестиваль барысында сценарийлер конкурсының жеңімпаздары анықталмақ. Олар белгілі кинорежиссер Тимур Бекмам­бетовпен бірге өз фильмін түсіретін бола­ды. Ирен ВАНИДОВСКАЯ, кинофестиваль­дың бас директоры:                                                           – Бүгін біз экшн-фильм­дердің II Халықара­лық ASTANA кинофестиваліне арналған сцена­рий­лер конкурсының ақтық сын­дарынан өткен жеңімпаздардың есімдерін жариялап отырмыз. Олардың аттары бүгін ғана бел­гілі болады. Сонымен, конкурстың ақтық сындарынан өткен жас қазақстандық сце­наристердің ішінде Абат Нығмет, Рустам Мұхит, Ғалия Байжанова, Есжан Есімханов, Виталий Кистанов, Дмитрий Чернобай, Бақтияр Қадыров, Элман Сулейманов, Ай­туар Нығметалин және Александр Қысым­баев бар. Осы және әлем бойынша таңдал­ған қатысушылар­дың ішінен тек екі адам: біреуі – Қазақстан­нан  және біреуі шетел­ден таңдалатын болады. Жеңімпаз Тимур Бекмамбетовпен бірге өз фильмін түсіретін болады.
Осы кезде он-лайн арқылы байланысқа шыққан фестиваль президенті, белгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетов өткен жылғы конкурста жеңіске жеткен Брайн Миллер есімді жас өреннің сценарийі бойынша «Аполлон-18» атты фильмнің түсіріліп жатқандығын жеткізді. «Бұл фильм тамыз айында жарыққа шығатын болады. Бәлкім, біз оны Астанада өтетін кинофестиваль кезінде тамашалай ала­мыз», – дейді Т.Бекмамбетов. Осыдан кейін ол Астанада өткен алғашқы кинофес­тивальдан кейінгі айтылған барлық сын-ескертпелерді мойындайтындығын жет­кізіп, осы жолғы фестивальда бұл кемші­лік­терге жол берілмейтіндігін ерекше атап өтті. «Былтыр Астанада өткен экшн-фильм­дердің I Халықаралық кинофестива­лінен кейін біз тиісті сын-ескертпелерді естіп, кемшін тұстардың болғанын түсіндік. Ең бастысы, біз фестивальдың негізгі мақсаты – қазақстандық кинемато­гра­фистер­мен өзара тәжірибе алмасу жұмы­сына тиісті мән берген жоқпыз. Осы жолы барлығы басқаша болады деп сенемін. Бұл жұмыста сіздердің де қатысу ниет­теріңіз аса маңыз­ды. Мен дарынды әрі нақты мақсаты бар азаматтарға барынша қолдау көрсетіп, кино әлемінің құпиясына бойлауға көмек­тесемін»,  – деді Т.Бек­мам­бетов.
Қазіргі кезде Т.Бекмамбетов АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында өзінің жаңа туын­дысы – «Авраам Линкольн – вампир­лердің аңшысы» экшн-фильмін түсіру жұмысын аяқтауда. Фильмде АҚШ-тың 16-прези­ден­ті А.Линкольн өмірінің құпия тұстары ашылады. Оқиға желісі бойынша күндіз ол өзіне жүктелген мемлекеттік жұмысты атқарса, түнде вампирлерді өлтіріп, халық­тың тыныштығын сақтаған. Бұл фильм 2012 жылдың жазында көрермен қауымға көрсетілмек.
«Көліктер» қазақша сөйледі
Биылғы кинофестивальдың тағы бір жаңалығы, ол – алғаш рет қазақ тіліне аударылған «Көліктер» («Тачки») атты мультфильм арнайы «дөңгелек үстелде» жан-жақты талқыланатын болады. Disney Pixar компаниясының Қазақстандағы осы қазақ тіліндегі алғашқы жобасы ағымдағы жылдың маусым айында көрсетілмек. «Меломан» компаниясының бас дирек­торы Вадим Голенконың хабарлауынша, бұл жоба «Болашақ» қауымдастығы мен «Алтын қыран» қорының қатысуымен қолға алынып отыр. «Бүкіл әлемге әйгілі «Көліктер» мультфильмінің дубляжы кезін­де біз ең үздік қазақстандық әртістер­ді таң­дап, олардың дауыстарын «Дисней» ком­паниясының мамандарына тексерттік. Әрине, іріктеу кезінде олардың дауыс ырға­ғына, эмоциясы мен кейіпкерді сезі­не білу қабілетіне ерекше мән берілді. Бұл – Қазақстан тарихында болмаған үлкен әрі жауапты жоба. Меніңше, қазақша сөй­лей бастаған «Көліктер» көрермен қауымға ұнайды. Оны біз шілденің басын­да Астана­да өтетін кинофестивальдың жұмысы кезінде жан-жақты талқылайтын боламыз. Ал оған дейін мауысымның басында я бо­л­маса орта шенінде көрермен қазақша «Кө­лік­терді» көріп, өз бағасын бере алады», – дейді В.Голенко.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста