Астана – білім әлеуеті шоғырланған орталық

Мансұр ХАМИТ (фото)

Кеше елорданың Конгресс-холл сарайында жиналған ұстаз­дар қауымын қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов құттық­тап, жыл сайынғы дәстүр бойынша мұғалімдердің төл мерекесіне орай өзінің ізгі тілегін білдірді. Кезінде ұстаз болып, одан кейін Қазақстанның білім министрі қызметін атқарған бүгінгі елорда әкімінің шын ниеті астаналық ұстаздардың зор ілтипатына ие болды. Ал биылғы үздіктер байқауы біраз елордалық ұстаздарды қуанышқа бөледі.
Ұстаз деген сөздің өзінен-ақ ұлағат есіп тұратын сияқты. Өйткені осы сөзді естігенде қай-қайсымыз да осынау өмірге жол сілтеген, мейлі мектеп, мейлі жоғары оқу орнында болсын, тәлім-тәрбиесін, өнегесін үл­гі еткен ардақты адамдарымызды еске ала­тынымыз анық. Өйткені өзі білген бі­лімін ер­інбей-жалықпай балаға үйретумен ай­налысатын шын мәніндегі ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ендеше, бәрімізді әріп танытқаннан бастап, білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздықтан асқан ұлағатты іс жоқ екендігін де мойындаймыз. Елорда­ның ұстаздар қауымын арнайы келіп құттықтаған Астана әкімі Иман­ғали Тас­мағамбетов өз сөзінде ұстаздар қауымының жас Қазақ мемлекетінің 20 жылында көтерген жүгін ерекше атады. «Қоғамның ары мен ақылы саналатын «ұстаз» ұғымы — бүкіл халық құрметтейтін қадірі мол, ерекше кәсіп. Сіздер, ұстаздар, Қазақстанның Тәуелсіздік алған алғаш­қы онжылдығында болған барлық ауырт­палықтарды көтеріп, алып шықты­ңыздар. Ол қиындықтарды еңсеру жолында мем­лекеттілігіміздің тірегі болдыңыздар. Биыл­ғы жыл — біз үшін ерекше. Алдымызда — Қа­зақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Ал осы Тәуелсіздіктің басты жетістігі ол, әрине, Қазақстанның жаңа елордасы – Астана. Бү­гінде Астана әлемнің қарқынды дамып келе жатқан шаһарларының біріне айналды. Бұл жерде үлкен білім әлеуеті шоғырланды. Ол — сіздердің жетістіктеріңіз. Мінеки, осы дәре­жені ұстап отырған барша ұстаздар­ды бүгінгі төл мерекелерімен шын жүрек­тен құт­тық­таймын», — деп өз құттықтауын жеткізген әкім И.Тасмағамбетов биылғы жыл­дың үздіктерін марапаттады.
Сонымен, осы жолғы байқаудың қо­рытындысы бойынша Астана қаласы әкімінің 5 мың доллар көлеміндегі арнайы гранты мен кубогын №54 мектеп-лицей жеңіп алды. Осы мектептің он мұғалімі қызметтік еңбекақыға қосымша 50 па­йыздық үстеме алды. Астананың № 27 «Ба­лауса» балабақшасы «Үздік ба­ла­бақш­а» атанса, №6 кәсіптік лицей — «Үз­дік кәсіптік мекеме», «Шығыс» балалар мен жас­өспірімдер орталығы — «Үздік кәсіптік білім беру мекемесі», ал №1 оңалту ор­талығы «Үздік мамандандырылған мекеме» деп танылды.
№ 38 мектеп-лицейінің информатика пәнінің оқытушысы Қадырғазы Мұқанов «Жылдың үздік мұғалімі» атанып, жаңа пәтерге ие болды. Ал оның әріптесі Ләззат Есенова «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Бұдан басқа, бұл дәрежеге Басқару кол­лед­жінің арнайы пәндер оқытушысы Қар­лығаш Шаханова, Райымбек батыр атын­дағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-ли­цейінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұ­ғалімі Алма Иманбаева ие болды. Сон­дай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы құрмет бел­гісімен Астана қаласы Білім беру бас­қармасының бастығы Әсима Бимендина, № 2 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің ұстазы Нина Кудренок, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік ор­талығының директоры Майра Құрман­баева мен Көлік және коммуникациялар колледжі дирек­торының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанна Райымбекова марапатталды.
Жалпы, бүгінгі таңда елорданың орта және кәсіптік білім беру ошақтарында 10 мыңға жуық ұстаз еңбек етуде. Олардың 85,5 пайызы жоғары білімді болса, 50 пайызға жуығы — жоғары және бірінші санаттағы педагогтер. Республика бойынша елорданың білім беру жұмысы үздік бағаға ие. Әсіресе Астанадағы мектеп­тердің мемлекеттік тілге көшу тәжірибесін ерекше атап өткен жөн. Енді осы бастама барлық Қазақстанға тараса, нұр үстіне нұр болар еді.
Мұрат ОРЫНХАНОВ, ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары:
— Бұл, шын мәнінде, барша халыққа ортақ мереке. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсек те, білім теңізіне жетелеген ұстаздарымызды әрдайым үлкен сағынышпен, құр­метпен еске алып отырамыз. Отанға деген сүйіспеншілік сияқты жақсы қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіріп, өмірдің қыр-сырын да таныт­қан – ұстаздар. Ол­ардың ұлағат­ты сөз­дері ешқашан да ұмытылмайды. Ар­дақты ұстаздар, ұр­пақ тәрбиесі жо­лындағы қиын да жауапты әрі орасан ең­бектеріңіз үшін алғыс айтамын. Енді сіздердің алдарыңызда тағы бір үл­кен әрі маңызды міндет тұр. Ол – Қа­зақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру. Осы тұрғыда педагог мамандардың еңбегі зор. Бүгінгі ұстаз отандық білім саяса­тының басты тұлғасына айналып отыр. Мен білемін, Астананың педагогика­лық корпусы Қазақстанның жарқын бо­лашағы жолындағы негізгі қозғаушы ұжымға айналады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста