Асқар Қонаевтың туғанына 80 жыл

Кеше Алматыда көрнекті ғалым-металлург, ҚазССР Ғылым академиясының бұрынғы президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Асқар Меңдіахметұлы Қонаевтың туғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты жиын болды.

Белгілі қоғам қайраткерін еске алуға арналған жиынға танымал ғалымдар қатысты. Олар Асқар Қонаевтың өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін естеліктер айтты. Шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, ғалымның мерейтойы қарсаңында жарық көрген «Академик Асқар Қонаев» жинағының тұсаукесері өтті. Екі бөлімнен тұратын кітаптың алғашқы бөлімінде танымал тұлғаның еңбек жолы, ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі жайлы мәліметтер бар. Ал екінші тарауында ғалымның қызметтес болған әріптестері мен замандас-достары жазған естеліктер келтірілген.
Сұлтанбек Қожахметов, ҚР ҰҒА академигі:
– Қырық жылдан астам уақыт ғалыммен қызметтес болдым. Осы уақыт аралығында Асқар Меңдіахметұлының аса жоғары ұйымдастырушылық қабілеті және өзі ұсынған ғылыми бағыттың кезең-кезеңімен дамуының куәгері болдым. Ол Қазақстанның сапалы болат өндіруге мүмкіндігі жететінін студент кезінде-ақ байқағанын талай рет айтып еді. Ол сол кездің өзінде республикамызда қара металдың үлкен қоры сақталғанын да жақсы білген екен.
Алаш анықтамасы:
Асқар Меңдіахметұлы Қонаев – қара және түсті металдар мен минералды шикізаттарды кешенді қолдану саласының маманы. 1951 жылы Мәскеу мемлекеттік болат және қорытпа институтын тәмамдаған. 1951-1953 жылдар аралығында Теміртау металлургия зауытында ауысым басшысы және болат балқытушы болып жұмыс істеді. 1953-1970 жылдары аға лаборант, кіші және аға ғылыми қызметкер және лаборатория меңгерушісі. 1970 жылы ҚазССР Ғылым академиясы металлургия және байыту институтының директоры болды. 1974-1986 ж.ж. ҚазССР Ғылым академиясының президенті қызметтерін атқарған. ҚазССР Ғылым академиясының академигі (1972 ж.), техника ғылымдарының докторы (1970 ж.), СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978, 1984 ж.)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста