Әселдің ән шеруі

Абай ОМАРОВ (коллаж)

«Алаш айнасы» газетi мен Қазақ радиосының бiрлескен жобасы

«Ән–шеру» бағ­дар­ламасы
Авторы: Әсел Ергешқызы
Хабардың тiкелей толқындағы уақыты: 101 ҒМ, сенбі күні сағат 22:00

«Ән айтсаң, жаныңды жеп айтасың» демекші, әнші болу да оңай шаруа емес екендігін көпшілігіміз біле бермейміз. Ол — кез келгеннің бағына бұйыра бермейтін тағдыр сыйы, сонымен қатар сыны. Табиғат берген дауысты қару етіп, өнер атты үлкен майданға өз еркімен енген жандардың қиыншылығы да аз емес. Композитор мен ақынның шабыттарын бір арнаға тоғыстырып, бүкіл ақыл-ой парасатын салған шығармасын тың­даушы жүрегіне жеткі­зе білудің өзі де үлкен қажыр-қайрат пен еңбек­ті, талант пен білімді қа­жет етері сөзсіз. Осыны ескерген «Алаш айнасы» газеті Қазақ радиосымен бірлесіп, «Әселдің ән шеруі» айдары арқылы оқырманның назарына ән мен әншілерді танысты­руды қолға алды. Айдар­дың авторы – Қазақ ра­дио­­сының «Ән–шеру» бағ­дар­ламасының жүргізушісі – Әсел Ергешқызы.

Алаштың үздік әнін таңдаңыз
(16-айналым)
Қазақ радиосында бұған дейін Ән ше­ру­дің 15-айналымы қорытындыланды. Шарт бойынша әр айналымға сегіз жаңа ән қатысып, бақ сынайды. Қатысушылар жа­сы­на шектеу қойылмаған. www.kazradio.kz сайтының негізгі бетіндегі «Ән – шеру» бөліміне кіріп, сол айналымда бақ сы­нап жатқан әннің толық нұсқасын тың­дай ала­сыз және ұнаған әнге «Дауыс беру» тетігін басу арқылы қолдау білдіруге бола­ды. Сон­дай-ақ әр сенбі сайын кешкі сағат 22:00-де басталатын тікелей эфир бары­сында 8 /7172/ 55 33 55 байланыс теле­фо­ны арқылы да хабарласуға мүмкіндігіңіз бар!
60 пайыз дауыс жинаған ән «Алтын қорға» қосылады
 Жалпы, дауыс саны бойынша 60 па­йыздан астам тыңдаушыға ұнаған ән көр­кем­дік кеңестің шешімімен Қазақ радио­сы­ның «Алтын қорына» қабылданып, ар­найы тіркеуге алынады. Ал ән 80 пайыздан артық тыңдарманның дауысына ие болса, Халықаралық «Дала дауысы» радиофес­тивалінің жартылай финалына қатысуға жолдама алады.
Сонымен, 16-айналымда бақ сынап жат­қан ән мен әншілер тізімі:

Қанат Үмбетов — «Анашым» әні мен сөзі Жақсыбек Қалелбек
Ғани Мәтебаев — «Бір арман» әні Әуезхан Салабеков сөзі Серік Томанов
«Жігіттер» квартеті — «Жылдар, жылдар...» әні Ержан Серікбаев сөзі Бақытжан Ауданбаев
Роза Әлқожа, Әбдіжаппар Мәлік — «Қазақия» әні Роза Әлқожа сөзі Мұқағали Мақатаев
«Серілер» тобы — «Ауылым» әні Болат Есмұханов сөзі Алмас Темірбай, Талант Арғынғали
Әйкерім Қалаубаева — «Құрбым» әні Арман Дүйсен сөзі Айсәуле Бейсенхан
Алмас Кішкенбаев, «Ви-Әлем» тобы — «Кең дала» әні Алмас Кішкенбаев сөзі Ринат Зайытов
Қуаныш Құрманбаев — «Қарлығашым менің» әні мен сөзі Бекжан Әшірбаев

Алғашы екі аптада дара шыққан ән
Бұл айналымның алғашқы екі аптасын­да Қазақ радиосы сайты арқылы дауыс беру нәтижесінде тыңдаушылар таңда­уы­на ие болған ән – «Бір арман». Орын­дау­шысы — Ғани Мәтебаев. Ғани тыңдау­шы­лар­ға «Дүнген қызы», «Аңғал досым-ай» әндері арқылы жақсы таныс. Оның дауы­сындағы қазақы бояу мен сұлу тембр және әнді тыңдаушыға жеткізе алу шеберлігі Ғаниды үздіктер қатарынан көрсетеді де­ген сенім бар.
Ғани МӘТЕБАЕВ, Жамбыл облыстық филармониясының әншісі:
— Мен, негізі, Әуесхан ағаның әнде­рін танымал әншілерге ұсынатынмын. Оның ішінде Асқар Жүнісбеков орындап жүрген «Хат жазып тұр» әні, «МузАРТ» тобының ре­пертуарындағы «Рахмет са­ған, туған ел» әні, Ән шерудің 15-ай­на­лы­мында бақ сынаған Кенжебек Жанә­бі­ловтің орын­да­уындағы «Анашым» ән­дері бар. Әуесхан ағаның ән­дерін тың­дап оты­рып, «Бір арман» әнін ерекше ұнат­тым. Сазды, жүрекке жағым­ды екен. Әуес­хан Салабековтің айтуынша, мар­құм Серік Томанов әуелі өлеңді өзі ұсы­ныпты. Мәтіндегі бақыт та, бақ та көш­пелі деген сөз маған қатты ұнады. Енді тек әнді өңдеп, орындау ғана қалған еді. Гита­раның сүйемелдеуімен орындаған жөн шығар деп шештім де, әннің сапасы үшін арнайы Алматыға барып жаздыр­дым.

Роза Әлқожа. Бұл есім Қазақ радиосы тыңдармандарына жақсы таныс. Розаның шы­ғармашылығымен етене таныс тыңдау­шы­лар ол додаға қандай әнін қосса да, қолдау білдіріп, белсенділік танытуда әл­сіздік танытқан емес.
Роза ӘЛҚОЖА, әнші-сазгер:
— Кішкентайымнан өлеңге деген ма­хаб­батымды оятқаны үшін ең әуелі Мұ­қа­ға­ли Мақатаевқа, Мұхтар Шахановқа, со­сын Фариза Оңғарсыноваға алғысым шек­сіз. Егер отанға деген сүйіспеншілік, ма­хаб­­бат­қа деген адалдық, достық сезімін ба­ға­лай білу, мінез-болмысыңды сақтай бі­лу­ді қайдан үйрендің десе, мен қай жо­лау­шы­ны да осы үш ақынның өлең ауылы­на қа­рай сілтеп жіберер едім. 8-9 сыныпта Ма­қа­таев өлеңдерін жатқа оқып, түрлі әуен­ге салып айтып жүрдім. Ал­матыда Мұқа­ға­ли сын­ды ақындар бар, соларды көрсем деп те ар­манда­дым. Сол құрмет әлі де аз­ай­ған емес, кері­сінше, қайталап оқыған са­йын Мұ­қа­ғали мен өлеңнің бір ұғым еке­нін түсі­ніп ке­лемін. Санамда әбден жат­та­лып қал­ған «Сен менің көтерілген еңсем бе едің?» өлеңіне жа­қында өзінен-өзі ән туған еді. Бұйыр­тып жатса, ол да жарыққа шығар.

Бекжан ӘШІРБАЕВ, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты:
— Әннің әуезді шығуы, жүректерге жетуі оның әрленуі мен орындаушысына да байланысты. Бұл жерде ән шығару мен оған сөз жазу аздық етеді. Жақсы туынды мықты орындаушысын тапқанда ғана тың­даушының көңіліне ұя салары анық. Бұл ретте, Қазақ радиосының «Ән шеруі» бай­қауына қатысып жатқан «Қарлығашым ме­нің» әнінің бағы жанды деп ойлаймын. Әнді орындаған Қуаныш Құрманбаев – дарынды музыкант, ән әрлеуші және күміс көмей әнші. Өзі де композиторлық қыры­мен танылып жүр.

Әннің «Қарлығашым менің» деп ата­луының да өзіндік себебі бар. Қарлығаш – оның жұбайының есімі. Қуаныш «Екі жастың ма­хаб­батын, алғашқы сырласу сәтін, өмірге, сұ­лулыққа құштарлығын көрсететін ән болса» деген өтінішін айт­ты. Мен де оған «Ке­ремет дауысың бар, кез келген әнді шыр­қағанда құл­пыр­тып жібересің, өзің неге кәсіби әншілікке бет бұрмайсың?» дегенді көп айтушы едім. Міне, ән осы­лай өмірге келді. Әні мен сөзі, оған әрленуі үйлес­кен туындыны тыңдарман жылы қабыл­дап жатыр. Бұл шығарма­шылық адамына шабыт сый­лайды. Қуа­ныш қазірге дейін менің 25-тей әнімді әрледі, әншісін тапқандары орындалып та жүр. Қуаныш өзі «құда түсіп» отырған тағы екі әнім бар, алдағы уақытта ол да жарық­қа шығып қалады.
Ән шерудің 16-айналымында бақ сынап жатқан өзге де әндер жайындағы ақ­параттар айдардың келесі шығарылы­мында жарияланады. Ең бастысы, Алаш­тың үздік әнін бірге анықтайық!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста