Әсел Сағатова: Томиристі ойнағым келді, бірақ мені алмады

 Танымал актриса Әсел Сағатоваға соңғы жеті жыл ішінде бірде-бір рет басты рөл бұйырмапты. Дегенмен, актриса атақты режиссерлер ұйымдастырған кастингтерге (іріктеуге) жиі барады екен. Бұл жайында актриса  Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Танымал актриса Әсел Сағатова тарихтан сыр шертетін Томирис фильмінде басты рөлді сомдағысы келгенін жеткізді. Бірақ актриса әрі екі баланың анасы үйде құр қол отырмаған. Ол фильм режиссері ұйымдастырған кастингтерге барып, бағын сынап көріпті. Бірақ, жолы болмаған.

«Томиристің рөлінде ойнағым келді. Іріктеуге де бардым. Бірақ, өкінішке орай басты рөлге өтпей қалдым. Негізі кинода батыр, өркөкірек қызды сомдап шыққым келеді. Ол менің арманым десем де болады. Өзімнің мінезіме қарма-қарсы адамды ойнап бағымды сынап көргім келеді. Бірақ, режиссер мырзалар мені көбінесе сезімтал, нәзік актриса ретінде көреді», - дейді актриса Әсел Сағатова.

Сағатоваға ұсыныстар жиі түспесе де, талғамы биік Әсел кез келген ұсынысты қабылдай бермейді.

«Осыдан төрт жыл бұрын кішігірім рөлге ұсыныс түсті. Бірақ, ол ұнамады. Алдымен сценарийді оқимын, егер рөл көңілімнен шықпаса өз-өзіме қарсы келмеймін, бірден жоқ деп айтамын», - дейді актриса.

Соңғы кезде мәнсабін бір жаққа ысырып қойған актриса бүгінде екі баласын тәрбиелеп жатыр. Отбасыға үлкен мән беріп жатыр.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста