Актриса Әсел Сәдуақасова өзіне ұнайтын жігіттер мен алғашқы махаббаты жайлы айтты. Айтуынша, ол ер азаматтың сыртқы түріне мән бермейді. Тек ішкі жандүниесіне көңіл бөледі. Азаматтың мейірімді болғанын дұрыс деп бағалайды.
"Сыртқы түр мен үшін ешқашан маңызды болған емес, мен кез келген адамның бойынан жандүниесін көремін. Мен ер адамға тәнті болғым келеді. Ер адам шынымен мейірімді болса, онда ол адамды тәнті етеді. Бұл нағыз күш", - деп түсіндірді актриса.
Ол сонымен бірге 7-сынып оқушысы болған кезде бірінші рет ғашық болғанын мойындады.
“Мен оны басқа мектепке кеткенге дейін жақсы көрдім”, - деп күлді Әсел.
Актриса өзінің кемшіліктері туралы да шынайы айтты.
"Мен шыдамсызмын. Сонымен қатар жалқаулығым бар. Мен ең жалқау адамдардың бірімін. Бірақ қазір мен өзімді тәрбиелеп жатырмын”, – деді ол парақшасында.
Актриса желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.