Әсел Асқар баласының қазасынан соң күйеуінің үйден қуып шыққанын айтты

Актриса Әсел Асқар "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасында жұбайымен ажырасуға не түрткі болғанын ашып айтты. 

"Мен одан ешқандай қолдау көрмедім. Бірақ ол туралы жаман сөз айта алмаймын және оған құқығым жоқ. Тіпті бұрынғы сүйіктісі жайлы теріс сөздер айтатын адамдарды ұнатпаймын. Өткен күндерде сіз ол адаммен бақытты ғұмыр кештіңіз. Мен өткенімді жауып, ол адамды кешіріп, жібере алатындай күш таптым.

Қарым-қатынасты тоқтатқан мен емес. Ол - Айбарыстың әкесі, осы үшін алғыс айтамын. Әйел адам бастан кешетін ең ауыр сәттерде ол қатігездік жасады. Мен ол туралы емес, оның әрекеттері туралы айтқым келеді. Өзім үшін оны ақтап алғым келді. Алайда сені ер адам қырық күнге дейін (баласы шетінегеннен кейін - ред.) шай дайындай алмағаның үшін, үнемі жылағаның үшін ұрысып, "жылай беріп, шаршаттың" дегені қатігездік сияқты. Бұл баланың жаназасынан кейінгі 40 күн өтпей жатып болған оқиға. Бұл екі адамға ортақ, орны толмас қайғы. Ол "Баламды дүние әкелді. Оған оңай емес шығар" деудің орнына, "Жылағаның жетеді" дегені өте қиын болды. Әйелге баласынан айырылудан асқан қиындық жоқ. Менің қатты көңілім қалды.

Менің айналамда баласынан айырылған бір әйел бар. Мен оның күйеуінің әйелімен бірге қайғысын қалай бөліскенін көрдім. Ол жұмысын тастап, басқа балаларының жағдайын жасайды. Солай әйелін жұмысқа жіберді. Ал өзі түнімен такси болып жұмыс істейді. Себебі, ол әйелін жоғалтып алудан қорқады. Мен "Осылай да болады екен ғой. Осылай қолдау көрсете алатын адам болады екен ғой" деп ойладым. Мен көп нәрсе сұрамадым ғой... Бұл ажырасудың бір ғана себебі емес...", - деді Әсел Асқар.

Сонымен қатар актриса бұрынғы жұбайының қалыпқа келе бастағанда, қайта байланысқа шыға бастағанын айтты.

"Бәрін ақтап алуға болады, қарым-қатынасты сақтауға тырысуға болады. Мен қайта қалыпқа келе бастағанда, ол қайта хабарласа бастады. Алайда мен тұтқаны көтермеймін. Егер мен шешім қабылдасам, оны өзгерту мүмкін емес. Мен өте жақсы адаммын. Өзге біреуді барынша ақтап алуға тырысамын. Өзгенің жақсы екеніне сенуге тырысамын. Біріншіден, бұл қарым-қатынасты мен тоқтатпадым. Ол менің үйден кетуімді қалады және сөмкемді тепті. "Сенің өте жағымсыз көрінесің" деді. Мен онымен мүлде байланыста емеспін. Ол басқа жолды таңдады. Менің таңдауым басқа. Маған "Сіздің күйеуіңізді көрдік" деп жазады.

Алайда ол достарын, қыдыруды таңдады. Тіпті кездесуге де барады екен. Адам өз өмірін сүріп жатыр, мен ол үшін қуаныштымын. Мені түн ортасында үйден қуып шыққан адамның менен не қалайтынын түсінбеймін кейде. Ал қайта қалыпқа келіп, қайта әдемі бола бастағаныңда хабарласа бастайды. Жазады, қорлайды. Бірақ мен жауап бермеймін.

"Құдай осылай шешкен шығар. Сен кінәлісің. Сен үшін осы жағдай болды" дейді. Осындай қаза кезінде қолдауды анаңнан күтпейсің ғой. Мен онымен бәрін талқылап, әңгімелескім келмейді. Бір он жылдан кейін көрісіп қалсақ, мүмкін әңгімелесе алармыз. Ал қазір біздің әңгімеміз эмоцияға толы болады. Мен қиын сәтті жеңіп шықтым, ары қарай ештеңе қорқынышты емес", - деді Әсел Асқар. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста