"Асабалар ақшасыз, жұмыссыз отыр". Асабалар мен өнер адамдары той өткізуге рұқсат сұрады

"Асабалар ақшасыз, жұмыссыз отыр". Асабалар мен өнер адамдары той өткізуге рұқсат сұрады

Қазақтың тойы бітпесін! Еліміздегі той ұйымдастырушылар мен асабалар осындай ұранмен наразылық білдіріп жатыр. Екі жарым ай бұрын енгізілген төтенше жағдай режимінің алғашқы күнінен-ақ салтанатты шараларға тыйым салынып, мерекелік кештерден мол табыс тауып жүргендер сонысынан қағылған болатын. Қазір де карантин тәртібі жеңілдегеніне қарамастан, той өткізуге шектеу қойылғаны белгілі. Енді асабалар мен өнер адамдары 100-150 адамдық той өткізуге рұқсат берілуін сұрап отыр.  Көптен бері айтылмай қалған той жыры туралы КТК арнасының тілшісі Салтанат Шырынхан әңгімеледі.

 

«Той десе, қу басы домалайтын» қазақ қазір мұндай думаннан шет қалды. Ал оны ұйымдастырып, барлық сән-салтанатымен жүргізіп беретіндер табысынан қағылып отыр. Осындай шаралармен ғана күн көріп келген олар той болатын күнді күте-күте, тағаты таусылып, шыдамы шегіне жеткенін айтады. Соның бірі – танымал шоумен Руслан Ысқақ. Ол табыстан қағылып, қызметкерлеріне жалақы бере алмай қалған. Тіпті екі айдан бері кеңсесінің жалға алу ақысын да әлі төлемепті. «Жұрт көп жиналатын бассейнге дейін ашылып жатқанда, адамдардың қуанышын жұртпен бөлісуге неге рұқсат жоқ?» - дейді Руслан.

- Бассейн, фитнестерді ашайын деп жатыр. Бассейнде жүрген адам тыр-жалаңаш жүреді ғой. Жалаңаш адамға коронавирус қонбайды деген қай жақта жазылған? Бетпердемен ешкім шомылмайды. Жалпы, адам тойға барғанда тап-таза болып барады. Адам барын киіп, тазалық сақтап барады. Базарда жүр, әне, тер-тер адамдар. Базарда қандай тазалық бар, айтыңызшы маған?! Базарды ашты, барлық жерді ашты. Енді тоқалдан туған сияқты, бүкіл өнер адамдары сонда адам емес пе? - дейді шоумен Руслан Ысқақ. 

Бұл орталықта жыл сайын жаз айында жұмыс қыз-қыз қайнайтын. Той иелерімен салтанатты шараны қалай өткізу жайын ақылдасып отыратын кеңсе қазір қаңырап тұр. Енді ұйымдастырушылар мен асабалар той жасауға рұқсат берілсе, барлық санитарлық талапты сақтайтынын айтады.

Еліміздегі той ұйымдастырушылар, асабалар мен әншілер, жалпы барлық өнер иелерінің базынасы бір. Айтуларынша, әлем бойынша тапқанын тойға шашып, дүркіретіп думан жасайтын халық біз ғана. Оның үстіне той – асабалар мен әншілердің ғана емес, басқа да қаншама адамның күнкөріс көзі. «Бүгінге дейін тек осы саланың саңлағына айналдық» дегендер өзге жұмысқа орналасу оңай емесін жасырмайды.

- Екі-үш ай болды алдын ала төленген ақшаны қайтарып беріп жатырмыз. Қазіргі той иелері тойларын басқа күнге қойып емес, жалпы бас тартып жатыр. Себебі, ақша бітті дейді. Біздің асабалар да дәл солай екі-үш ай болды, ақшасыз, жұмыссыз отыр, - дейді асаба Бауыржан Сұлтанов.

Бетпердемен той жүргізіп, ән айтуға дайынбыз дегендерге мамандардың берер нақты жауабы болмады. Себебі, қалада коронавирустың таралу қаупі әлі де тоқтамай тұр. Сондықтан бұл жағдайда асығыстық танытпау керек дейді.

- Күнде науқастар саны көбейіп жатыр. Сондықтан эпидемиологиялық жағдай күнде өзгеріп жатыр деп айта аламын. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталған кезде ғана 7 күннің ішінде, сонда тойханаға, кафелерге жұмыс істеуге рұқсат береміз. Ол кезде де бір себеп бар, 50 орыннан аспау керек, үстелдердің арасында екі метрдей қашықтық болу керек, - деді Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаменті әкімшілік ұйымдастыру бөлімінің басшысы Эльмира Омарова. 

 

Осылайша нағыз тойдың қызатын шағында кәсіптерінің тұралап қалғанына қапалылар базынасына мардымды жауап ала алмады. Бірақ қалай да түйткілді шешуге барынша күш саламыз деп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста