Аша Матай мен Арман Қоңырдың ара-қатынасы жұртты алаңдатып қойды
Желіде Аша Матай мен Арман Қоңырдың айырылысып кеткені жайлы қауесеттер тарады. Бұл ақпаратқа екі жұлдыздың Instagram парақшасында жазылушылар қатарынан бір-бірін өшіріп тастағаны негіз болса керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерлі-зайыптылар енді бір-бірінің парақшаларын қарамайтын болған.
Бұл жайтты бірінші болып Аша Матай мен Арман Қоңырдың аса белсенді оқырмандары байқап, ғаламторды шулата бастапты.
Желідегілер бірден жұлдызды отбасында не болып жатқанын анықтамақ болып, ерлі-зайыптыларды сұрақтың астына алған.
Олардың жеке өміріне асқан қызығушылық танытқандар тіпті Аша мен Арманның суретінің астына сауалдарды тікесінен қойыпты.
"Арман қайда?" , "Аша қайда кеткен?" , "Ашаны неге өшіріп тастадыңыз?" , "Неге Ашаны құттықтағаныңызды салмадыңыз?" , "Келіншегіңді құттықтамағансың ба? Әлде ұрысып қалдыңдар ма? " , "Арман көрінбей кетті соңғы кездері қасыңыздан", "Ажырасып кеткенсіңдер ма?" , - деп жазуда оқырмандар.
Айта кетерлігі, Аша Матай жұбайымен түскен суреттерін өткен жылдан бері жүктемесе, Арманның жарымен бірге көрінген фотосы биыл 25 қаңтарда салынған.
Оған қоса, Арман Қоңыр 8 наурыз мерекесінде анасы мен әпкесін ғана құттықтапты.
Бұл қауесеттерді әншінің Айсәуле Бақытбектің тойында көрінбегені одан сайын өршіте түсті.
Мерекелік шарада жасалған сурттерде Аша Матай күйеуінсіз, бір өзі ғана болған.