Әртіс айта алмаған сөзді қуыршақ айта алады

Мәдениет МҰҒАЛІМҰЛЫ, Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:

– Қуыршақ театры дегенде, көз алдымызға сөйлей алатын әдемі кішкентай қуыршақтар ойға оралады. Ұжымыңыздың тыныс-тіршілігі қалай?
– Жалпы, елімізде қуыршақ актерлерін дайындайтын екі оқу орны бар. Бірі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы болса, екіншісі – Алматыдағы эстрада-цирк колледжі. Бірақ қуыршақ театрының актері факультетіне түсу оңай шаруа емес. Жастар конкурс арқылы ілігеді. Соған қарағанда, дарынды, бола­шақ­тан үміт күттіретін жастарымыз көбейіп келеді. Осыны ескеріп, қуыршақ өне­рінің болашағы зор деп сеніммен айта аламын. Халықтың кемшілік-жетістігін, мұң-қайғысын қуыр­шаққа айтқызуға болады. Әртіс айта алмайтын сөзді қуыршақ айта алады. Өткен жылы Қытай Халық Республикасына гас­т­роль­ға ұштық. Бізге Қытай тұңғыш рет лицензия берді. Ол лицензияға әркім­нің қол жеткізуге әлеуеті жете бермейді. Түркияға барғанда да бізді мерзімнен тыс тағы он күнге қалуымызды өтін­ді. Негізі, әртістің сыртқа көп шығып, тәжірибе алмасқаны дұрыс. Мәдениетін, өркениетін көріп, жаңа ойлар, жобалар ойға оралады. Түр­кияға гастрольға барған кезде мынадай бір жағдай болды. Түріктерде Мем­лекеттік қуыршақ театры атымен жоқ екен, керісінше, оларда жекеменшік тәр­тіпте жұмыс істейтін театрлар ғана екен. Біздің театрдың мықтылығын көріп, Түрік қуыршақ театры қауым­дастығының төрағасы бізбен хабар­ласып, сұхбаттасты. Сұхбаттың арты телеарна арқылы тікелей эфирлік сұхбатқа ұласты. Эфирде төраға: «Міне, қараңыз» деп, қуыршақ­тары­мыз­ды көрсетіп, Мемлекеттік театр мен біздегі жекеменшік театрдың айыр­машылығын, қазақ халқының өнерге деген талғамын осыдан-ақ бай­қауға болады. Балалардың тәрбие­сіне, өнеріне көп мән берілетіндігін осыдан-ақ аңғаруға болады. Керемет! Бізге де, түрік халқына, осындай Мемлекеттік қуыршақ театрын ашу керек», — деп тіл қатып, әуестене қарады. Біз әрдайым нали беруге үйреніп кеткендейміз. Қолда бар асыл дүниеле­рімізді лайықты бағалай алмаймыз. Әрине, қуыршақ театрында, басқа да театрларда шешімін таппаған пробле­малар көп. Неге орыс театрларымен салыстырғанда, қазақ театр­ларының залы көрерменге толмайды? Бірақ әлі есімде, осыдан екі-үш жыл бұрын жұмыс бастағанымызда бізді тамаша­лауға үш көрермен ғана келді. Бір көрермен, оның қасында анасы мен әкесі отырды. Сонда ұжым «Мәде­ниет Мұғалімұлы, біз қалайша үш адам үшін сахнаға шығамыз?» деп бас тарт­қанда, «Шығасыңдар! Көрсе­тесіңдер! Ойнайсыңдар!» деп сахнаға алып шықтым.
– Қазақ тілінде сахналанған қандай қойылымдарыңыз бар?
– Қазақ тіліндегі қойылымдарымыз бар. Жазушы Сәкен Жүнісовтің «Атамекен» пьесасы, Нұрлан Оразалиннің «Тарқамайды тойымыз», Дулат Исабе­ковтің «Аққу жібек» қойылымдары. Бұлардан басқа да классикалық қо­йылымдар көп, бірақ аталған қойы­лым­дарға халық көп келеді. Келешекте халықаралық фестиваль өткізуді жоспарлап отырмыз. 25 елдің қуыр­шақ театры келуге дайын отыр. Ең қызығы, олардың барлығы дерлік Қазақ еліне келуге тырысады. Өткен жылы ұйымдастырған ша­ра­ларымызға шетелдік қонақтар риза болды. Әлі күнге дейін олар риза­шылығын білдіріп, хаттар жіберіп отырады.
– Қуыршақ театрының әртісі болу үшін қандай қасиеттер керек деп ойлайсыз? Әртіс өз өнерін қуыршақ арқылы көрсетеді емес пе? Ал драма, академиялық опера театрлары әртістерінің қуыршақ театрында өнер көрсетуге әлеуеті жете ме?
– Қуыршақты халықтың алдына алып шығып сөйлету – өте күрделі жұмыс. Көптеген әртіс қуыршақты өз деңгейінде сөйлете алмайды. Қуыр­шақты сахнаға шығарып, айналасында тербеліп, өзін бірінші кезекке қойып жүрген әртістер де жоқ емес. Қуыршақ әрдайым сахнада бірінші рөлді сомдауы керек. Сонда ғана шынайы қойылым болады. Қуыршақты қыз балаларға қарағанда, ер балалар жақсы ойнатады. Қуыршақ театрының әртісіне пластика, жағымды дауыс, таза мұқам, билеу, ән айта алу қабілеті, сыртқы және ішкі әлемінің әсемділігі сияқты қасиеттер керек қой. Ең бастысы, ол шығармашылық тұлға болуы керек.
– Қуыршақ театрына сценарий жазу оңай шаруа емес екенін білеміз. Жас буын сценарий жазуда белсенді ме?
– Кезінде халық жазушылары Сәкен Жүнісов, Нұрлан Оразалин, Дулат Исабековтер жазды. Бүгінде жазып жүрген жастар бар. Олардан Өтебай Қуаныш, Болат Момынжановтарды арнайы айтқым келеді. Жалпы, қуыр­шақ театрын мүлде көрмеген жазушылар да кездеседі. Оларға сценарийді алып келгенде: «Сіз қуыршақ театрына барғансыз ба?» деген сұрақты қоямын. Өйткені театрдың спецификасы бөлек болады.
Қазақта сөз бар: «Беске дейінгі баланы алақанға салып тәрбиелеу керек, он үшке дейінгі баланы бағытпен, белгілі бір жолмен тәрбиелеу керек» деген. Бес жасқа дейінгі ұрпаққа халық ертегісін, музыкасын тыңдатып, театр­ға апаруымыз қажет. Біреулер дінге бірден беріліп кетеді, себебі иммунитеті әлсіз. Мешітке адамдар не үшін барады, өйткені оның атмосферасы бар, адамды ойландырады, толған­дырады дегендей. Сол секілді театрға келгенде де бала алдымен атмосфераға түседі. Бала театрға келгенде ұжыммен келеді, сол арқылы сыйластық, достық пайда болады, адамға ең керегі де осы – тәрбие емес пе? Ата-аналарға айтарым, балаларыңызға 200 теңге қиып, театрға алып келіңіздер!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста