Армяндар қазақша ән салды

Керекудегі  «Айреник» армян этномәдени бірлестігі «Жан гүлім» («Джан гулюм») ұлттық мерекесін атап өтті. «Бір шаңырақ астында» фестивалі аясында өткен шара барысында жұртшылыққа армян ұлтының төл мәдениеті паш етілді. Сондай-ақ қазақша әндер шырқалды.
Бүгінгі таңда өңірімізде армян ұлтының 1000-нан астам өкілі өмір сүреді. Тағдыр­дың жазуымен Қазақ елінен пана тапқан олар еліміздің көркейіп, дамуына сүбелі үлес қосуда. Армяндар саяси 30-жылдары күштеп қоныстандырылған. Олардың елімізге жер аударылуының екінші кезеңі тың және тыңайған жерлерді игерумен жалғасын тапқан. Сөйтіп, армяндар үшін Қазақстан кіндік қаны тамған Отанына ай­нал­ған. Этномәдени бірлестіктің «Айре­ник», яғни «Отан» деп аталуы да сондық­тан. «Жан гүлім» – тамыры тереңде жатқан діни мерекелердің бірі. Маусым айында тойланатын мейрамда жұртшылық дала гүлдерін жинап, алқагүл (венок) өреді. Үй­лерді аралап, ұлттық әндерін шырқай­ды. Қонақ күткен үй иелері алғыс ретінде қонақтарға тәтті тағамдарды сыйға тарта­ды. Бұл әрекеттер арқылы адам мен таби­ғат, Жер-Ана арасындағы үйлесімнің мән-мағынасы паш етіледі. Мерекенің негізгі құндылығы да осында жатыр.   
Эльмира ПЕТРОСЯН, «Айреник» этномәдени бірлестігінің төрайымы:
– «Бір шаңырақ астында» фестивалі аясында өткен жылы «Өрік күні» атты ұлттық мейрамды тойладық. Өрік аға­шынан армян ұлттық аспабы – дуду жасалынатындықтан, бұл өсімдіктің мән-маңызы ерекше. Ал бүгін «Жан гүлім» тойын атап өттік. Сонымен қатар қазақтың ұлы ақыны Абай мен армян халқының ұлы ақыны Аванэс  Туманян­ның шығармашылығы дәріптелді. За­мандас болған қос алып жұртшылықты достық пен бауырмалдыққа шақыр­ғаны баршаға мәлім. Біз, Абай мен Ава­нэс ұрпақтары, олардың мұрасын насихаттап,  жастардың бойына сіңіруді парыз санаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста