«Арман-ай» деп айтатын арманым көп

Жанна ОРЫНБАСАРОВА, әнші:
– Жанна, жуырда «Арман-ай» деп ата­латын жаңа альбомның тұсаукесерін өт­кіздіңіз. Күйтабақтың бірінші аль­бо­мы­ңыздан қандай ерекшеліктері бар?
– «Арман-ай» деп аталатын аль­бо­мым­ның ішіне 12 ән кірді. Ол әндердің бар­лығы лирикалық әндер санатына кіре­тін, қазақстандық композиторлардың жаз­ған әндері. Әндерді өте мұқият және тал­ғам­паздықпен таңдадым. Қазақстандық ком­позиторлар, әншілердің бұл альбомды жара­туымда еңбегі орасан зор. Өйткені олар да жан-тәнімен кіріскен болатын.
 – Қазіргі әншілер әмбебап болып кет­ті. Ән айтумен қатар билеуді де жақ­сы меңгеріп жатыр. Келешекте қай қа­зақстандық әншімен ән айтуды жос­парлап отырсыз?
– Жалпы, қазақстандық әншілердің бір-біріне көзқарасы оң. Барлығы бір-бірі­мен достасады, араласады. Мен талантты, өнерлі, биік шыңдарды өз еңбегімен ба­ғын­дырып жүрген адамдарды құр­мет­тей­мін. Басқа әншілермен ән айту мәселесіне тоқ­талатын болсақ, Жұбаныш Жек­сен­ұлымен бірге айтқан әніміз бар. Менің бірін­ші альбомым қазақша-орысша әндер­мен араласқан болса, бүгінгі екінші аль­бомым тек қана қазақ тілінде шырқалады. Бұл альбомға көп күш, ерекше сезім бер­дім.
– Күйтабақ неге «Арман-ай» деп атал­ды?
– Жеңіс Сейдолла ағамыз осы әнді ма­ған көрсеткенде қатты ұнады. Бұл әнді маған бересіз деп тұрып алғанымда, маған сыйға тартты. «Арман-ай» аталғаны себебі адам­дар мақсат-мұратсыз өмір сүре алмай­ды. Мақсатқа жеткен соң, қайтадан ал­дына мақсат қойып, армандай бастайды. Мен­де, әсіресе, «Арман-ай» деп айтатын ар­маным көп.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста