Әріптестері бағалайтын әртіс

Әріптестері бағалайтын әртіс

«Өнерлiнiң ырысы  жарқырап жатар жолында» дейді халық даналы­ғы. Меруерт Омарбекова да өз ырыздығын өнерден тапқан әртіс. Театр­ды отбасының маңызды бір бөлшегі санайтын ол «театрдағы өнер құ­мырс­қаның әдемілеп илеу қалап шыққанындай еңбектің жемісі» дейді. Яғни тынымсыз еңбек, тоқтаусыз ізденіс, үлкен жауапкершілік, кәсіпке деген  таусылмайтын махаббат  әртіс үшін ең алдыңғы орында тұруға тиіс қағида.


«Ілім – іштегі нұр, өнер сыртқа салынған түр» дейді тағы бір даналық. Меруерттің өміріне өзек етер ұстанымы да осыған саяды. «Бір рөлді алу, оның жауапкершілігін сезіну, саған артқан міндетін атқару әртістің білімін, ілімін толықтыра түседі. Өнерпаз үшін ілімнің кемел болуы маңызды» деген әртіс театр саласында 20 жылдан астам уа­қыт еңбек етіп келеді. Көп әртістің болаша­ғына жол ашқан, көп әртістің қол жетпес арманына айналған  Мұхтар Әуезов атын­да­ғы Қазақ мемлекеттік академиялық дра­ма театрына Ме­руерттің келуі де қызық. «Семей музыкалық драма театрында жүрген жерімде тұрмысқа шығып, Алматыға ұза­тылдым. Келе сала осы театрға жұмыс іздеп келдім. Әзірбайжан Мәмбетов ағамыз орын жоқтығын айтып, алты ай жұмысқа алмады. Содан бір күні театрға келіп, кезекті бір спектакльдің тап­сыры­луында отырсам, Әзірбайжан аға кенет­тен маған жалт қарады да: «Кәне, сахнаға шық. Көрсет қолыңнан не келетінін» демесі бар ма. Үстімнен біреу бір шелек мұздай су құйып жібергендей, алғаш­қы сәтте есеңгі­редім де қалдым. Қайдан білейін, күтпеген жерден бұлай болатынын. Бірақ бұл маған беріліп тұрған жалғыз мүм­кіндік екенін сездім де, сол сәтте отырған орныма плащымды шешіп тастадым да, сахнаға атып шықтым. Ешкімге қараған жоқпын. Білетін монологымды оқып, әнімді айтып, биімді билеп ала жөнелдім. Өнерімді біраз тамашалаған Әз-аға қарқылдап күліп жіберді де: «Әртіс деген осындай ағып тұру керек. Қай кезде де, қай жерде де», – деді. Осыдан кейін мені Әзірбайжан Мәмбетов ағамыз театрға жұмысқа алды», – дейді Меруерт. «Ән айтсаң да жаныңды жеп айта­сың» демекші, театрдағы әрбір классикалық шығарма мен бүгінгі заманауи тақырыптарға қойылатын еңбектер әртістен жанкешті еңбекті талап етеді. Дарынсыз ойын – әртіс өресінің өлшемі. «Әртіс образ­ға жүз пайыз енуі керек. Ойында кинодағы рөлі, шоуы мен кешке жүргізетін тойы тұрса, оның сомдауынан қандай образ шықсын?», – дейді әртіс.
Меруерт­ті  көпшілік «Фархад-Шырын­дағы» Мехменебанудың рөлімен ерекше бағалайды. Мехменебану сіңлісі Шырын үшін өз махаббатынан бас тартуын, яғни бауыр үшін жанын да бере алатын парасатты кейіпкер ретінде көрсетіп шығуын, өзі сұлу, өзі патшайым әйелдің күрделі психология­сын көп зерттеп, ішкі дүниесіне үңілуін ай­рықша атады. Меруерт Омарбекованың театрдағы  Ф.Эрвенің «Түлкі бикешіндегі» Денизасы, Е.Домбаевтың «Біздің кластың қыз­дарындағы» Шолпаны,  М.Әуезовтің «Қара­гөзіндегі» Ақбаласы, Ә.Тәжібаевтың «Махаббат, мә-ә-хаббатындағы» Несібелісі, Б.Брехтің «Тоғышардың тойындағы» Айшасы, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесіндегі» Ұзынғайшасы (реж.Б.Атабаев), В.Смеховтің инсцениров­касы бойынша Т.Аралбай қойған «Мың бір түндегі» Зейнабы, Ә.Ақпанбеттің «Дүние-думанындағы» Зинасы, (реж.Қ.Сүгірбеков), С.Балғабаев­тың «Сағыныш пен Елесіндегі» Елесі (реж.Ә.Рахимов) көрерменге өзіндік қолтаңбасымен құнды. Актриса қазіргі замандағы салиқалы әйел, орта жастағы ана бейнелерін сомдауды армандайды. «Маған әйелдің күйзелісі мен әйелдің қуанышын, ананың әртүрлі көңіл күйін ойнаған ұнайды», – дейді. Әртістің әріптестері «Меруерт массовканың өзінен рөл шығарып алады» деседі. «маған әріптестерімнің бұл бағасы­ның орны жоғары. Мен үшін мұндай пікір есту қуаныш», – дейді Меруерттің өзі. Әріп­тес бағасы мен көрермен ықыласы әртісті өсіреді, қанаттандырады. Әртіске тән осын­дай әдемі  күйді кейіпкерімізден кө­рейік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста