Арда туған абыз еді...

Арда туған абыз еді...

 

Өткен сенбіде қазақтың маңдайына біткен арда туған абызы, шежірелі қарт, белгілі этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлы 93 жасында өмірден озды.

Өмірдерек

Жағда Бабалықұлы 1917 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында туған. Шәуешектегі гимназияда, Үрімжідегі педагогикалық институтта оқыған. Сол жақта жүріп 1940 жылдары қазақ жастарының басын қосып, ұлт-азаттық жөніндегі астыртын ұйым құрған.

Қандай қыспақта жүрсе де, ол сол кезден-ақ қазақ мәселесін көтерді. Қытайдың қатал тәртібіне көнбеген ол ақыры қолға түсіп, 1942-1944 жылдары түрмеге қамалды. Кейіннен Шәуешекке келіп күресін жалғастырды. Сол тұстарда ол тіпті қолына қару алып, партизандық ұрыстардың алғы шебінде жүрді. Қанша рет жараланып, ажал аузынан аман қалды?! Осыдан кейін қарапайым партизаннан Шығыс Түркістандағы ұлттық армияның полковнигі дәрежесіне көтерілді. Кейін Қытай жағы Жағдаға жақсы қызметтер ұсынды.

1949 жылдан бастап Қытайда партия құрамына кiрiп, содан 1952 жылдың мамырына дейiн әскери қызмет атқарған. СУАР Ұйғыр Автономиялық Республикасының әскери сотының орынбасары қызметін, 1952 жылы Тарбағатай облысының уәлиі, яғни әкімі қызметін атқарған. Бұдан соң СУАР-дың саяси-заң басқармасын басқарған. 1956 жылы Iледегі Қазақ автономиялық округінің төрағасы болған. Әйтсе де 1961 жылы Қазақстанға келген Жағда Бабалықұлын «үш әріптілер» 1991 жылға дейін бақылауда ұстады.

Ғасырға жуық ғұмырында көрмегенді көріп, ұлт үшін жанын аямай еңбек еткен данышпан қарияға көзі тірісінде жоғары жақтағылардан мысқалдай болса да құрмет көрсетілмеді. Осыдан үш жыл бұрын «кеудесі алтын сандық» ақсақалдың 90 жылдық мерейтойы да тар шеңберде елеусіз ғана атап өтілді. Әйтсе де ол кісінің еңбегін халық біліп, бағалады. «Тірі энциклопедия» атанған ғалым өз еңбектерінде қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының маңызына үңіліп, ұлттық болмыс ерекшеліктерін зерттеуге талпыныс жасаған. Бір өзі бір ғылым академиясына жүк боларлық шаруаларды еңсере жүріп, қай жерде болсын қазақты қорғап сөйлеп, ел мен жер үшін шырылдап жүретін. Қазақ тарихы мен салт-дәстүрлеріне байланысты мәселелер туындай қалса, журналистер қауымы алдымен осы Жағда қарияның жағдайын сұрап, сұхбат алуға асығатын. Ылғи да елдік мәселелер көтерілетін ортада өз пікірін ашық айтатын. Ел ішінде жүретін. Алайда қашан болсын қарапайым халықтың арасынан табыла білетін, көргені мен түйгені мол ғалымның еңбегін еңселі ғимараттарда орналасқан ресми мекемелер елей қоймады. Қаптаған академиктер мен профессорлар төріне жайғасқан ғылыми орта да ол кісіні өзіне тарта қоймады. Десек те, ол кісі ешқашан еңбегін бұлдаған емес. Өз күшімен шығарған кітаптарына жарытып қаламақы да алған емес. Ел тарихы, салт-сана, тіл мен дін, этнография мәселелерімен айналысып, ұлттық құндылықтардың жоқтаушысы болған этнограф-ғалым «Қырандар», «Саят», «Төрт түлік мал аурулары» атты бірнеше танымдық жинақтар шығарған. Оның сыртында белді басылымдарда бірқатар терең ойлы мақалалар жазды. Ол кісі не істесе де, қазақ үшін істеді. Баз біреулердей жанұшыра атақ-мансапқа ұмтылмады. Қоңыр тірлік кешті. 15 мың теңге зейнетақы алып жүрді. Қайта бала-шағасы өсіп-өніп, қарияның көз қуанышына айналды. Ең бастысы, жұрты ол кісінің бағасын білді. «Жарықтық, жақсы адам еді...» – адам баласы өлгеннен соң ғана ауызға іліге бастайтын осы бір ауыз сөзді амалсыз Жағда қарттың да соңынан айтуға тура келіп отыр. Әттең, тірісінде ескерусіз болған шежірелі ақсақалды, тым құрыса, жарық дүниемен қош айтысқанда, соңғы сапарға лайықты дәрежеде шығарып сала алмадық...

Қабдеш Жұмаділов,  Халық жазушысы:
– Жағда Бабалықұлы, шын мәнінде, қазақ халқының абыз ақсақалдарының бірі болатын. Ол ұлт қаһарманы деген атқа лайық тұлға еді. Амал не, ұлтымызға өлшеусіз еңбек сіңірген тағы бір ғалым елеусіз ғана бақи дүниеге аттанып кетті. Бірақ Жағданың артында ұшан-теңіз мұра қалды. Оны игеріп, танып-білу жаңа ұрпақтың еншісінде.

Ол – шекараның қай жағында жүрсе де, туған халқы үшін тер төкті. Қыруар жұмыс атқара жүріп, қай кезде де қазақ мүддесі тұрғысынан ойлайтын азаматқа қытайлар кісен салуға асықты. Сан рет тағы қудалауға ұшырады. Оған «ұлтшыл, оңшыл» деген бірнеше айып тағылды. Елге келгеннен соң да, жағдайының оңалғаны шамалы еді. Қалай айтсақ та, азаттық жолында күрескен адамдар қашан да биліктен қолдау таппайды емес пе?! Өзі соңғы жылдары қатты науқастанып, төсек тартып қалған болатын. 3 сәуір күні хабар келді. Ұзынағаштың маңындағы Сарыбай би деп аталатын кішкентай ғана ауылдың зиратына жерледік. Жақындары мен қаламдастар, жалпы, ол кісіні білетіндер көп жиналды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да шамалары келгенше әрекет қылды.

Сүйегін 47 жыл бойы өзі тұрған ескі үйден шығардық. Ол үйді Жағда Кеңес өкіметі кезінде 1963 жылы Хрущевқа арыз жазып жүріп алған еді. Әдетте белгілі адамдар қаза болғанда барлық атқамінерлер жиналып, үлкен ғимараттарда арнайы қоштасу рәсімін өткізіп, қаралы жиын ұйымдастырып, Кеңсайға жерлеп жатушы еді... Ондай биік құрмет жасалмады. Ресми мойындалмады. Жағда Бабалықұлы өмірден өз сыбағасын, сый-құрметін ала алмай кетті. Өкінішті...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста