Павлодар қаласында «Достық. Бірлік. Тәуелсіздік!» атты ХІV дәстүрлі этникалық мәдениет фестивалі ерекше салтанатпен ұйымдастырылды.
Облыстағы этномәдени орталықтар бұл шараны Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізді. Шара барысында қаладағы Мәдениет үйінің сахнасында ұлттық ұжымдар арнайы концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Онда Мұсылман әйелдер лигасының, неміс орталығының, грек және поляк бірлестіктерінің би және вокальдық ансамбльдері және корей мен украин бірлестіктерінің хор ұжымдары өнер көрсетті. Фестивальда сондай-ақ кабардин-балкар, армян, әзірбайжан сынды тау халықтарының би ұжымдары ерекше сипаттағы би түрлерін жандандырумен көрерменін тәнті етті.
Әртүрлі ұлт өкілдері өнерпаздарының басын қосқан өнер мерекесіне қатысушылардың арасынан үздік шыққандар қала басшылығы тарапынан арнайы сый-сыяпаттарға ие болды.
Әр ұлттың өнері дәріптелді
Последние статьи автора