Әр отбасыны баға жетпес байлық деп түсінгенде барып мемлекет мықты болмақ!

Әр отбасыны баға жетпес байлық деп түсінгенде барып мемлекет мықты болмақ!

Сара ШАЯХМЕТҚЫЗЫ, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ару-Ана» продюсерлік орталығының жетекшісі:

15 мамыр – Халықаралық өнегелі отбасы күні. Осы мерейлі датаны, өкінішке қарай, білетінімізден білмейтініміз көп. Бірақ мұны ұдайы еске салып, сол күні көрерменге керемет кеш сыйлап жүрген жандар да бар. «Ару-Ана» продюсерлік орталығының жетекшісі Сара Шаяхметқызының ұйытқы болуымен өткізіліп келе жатқан «Қос жүректің лүпілі» атты жобаға биыл 5 жыл толады. Бүгін сағат 19.00-де Алматы қаласы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында болатын жоба алдында біз оның ұйымдастырушысы, қазақтың қайраткер қыздарының бірі Сара Шаяхметқызымен сұхбаттасқан едік.

– Биыл өзінің бесінші жылына қа­дам басқан жобаның алғашқы аяқ алысы қалай болып еді, осындай игі істі қолға алуға не түрткі болды, әңгі­мені содан өрбітсек...
– Жалпы, негізі, «Ару-Ана» продюсерлік орталығы 2006 жылдан бері еліміздің өнер жұлдыздарының басын қосатын бірнеше жобаны жүзеге асырып келеді. Сондай жобалардың бірінде Қанат – Айткүл Құдайбергеновтер отбасымен әңгіме­лесіп отырғанбыз, сөзден сөз туып, олар еліміздің атынан Ресейде өтетін өнерлі отбасылардың фестиваліне барғалы жат­қан­дарын айтты. Сөйтсе, ол елде жыл са­йын сондай бір шара, яғни елге үлгілі өнер­паз отбасылардың күні өткізіліп тұрады екен. Ал біз, жалпы, сондай датаның барын біле бермейді екенбіз. Негізі, отбасын, оның ішінде өнерлі отбасын дәріптейтін ар­найы бір күн бізге ауадай қажет. Сон­дық­тан қалайда қолға алу керек деп шеш­тім де, сол кезге дейін біздің эстрадамыз­да жарасымды жұп, өмірде үлгілі отбасы боп үлгерген әншілердің басын қосып, алғаш рет 2008 жылы «Қос жүректің лүпілі» атты жобаны сахнаға алып шықтық. Өнерде де, өмірде де қол ұстасып жүрген өнегелі отбасылар биыл бесінші жыл кө­рер­менмен қауышқалы тұр. Бір қуанаты­ным: жыл са­йын олардың саны артып келе жатпаса, азайып жатқан жоқ. Ал, негізі, қа­рапайым отбасылардан гөрі, өнерлі от­ба­сылардың өмірлері күрделі, көп жерлерде болып, түрлі ортамен араласып, жо­лаушылап, ошағынан алыс жүрулеріне тура келеді. Сондай кездердің бірінде болмаса бірінде болмашы нәрседен ерлі-за­йып­тының арасына жік түсуі ғажап емес. Де­генмен не де болса бірге көріп, бірін-бі­рі түсініп, демеу болып, біріне-бірі арқа сү­йер тірек болып жүрген жұптарымыз бар­шы­лық. Жыл са­йын осы жобаға асығып тұ­ра­тын соларды көрген сайын менде де қуа­ныш пайда болатыны сондықтан. Елбасымыз биыл 8 Нау­рыз – Халық­ара­лық әйел­дер мерекесінде сөйлеген сөзінде бұдан былай күз айында Аналарға тағ­зым деп бір күнді және де Мерейлі отбасы күні деген тағы бір күнді республика көлемінде атап өтуді ұсынды. Айтса айтатындай-ақ, бізде қала­ларды былай қойғанда, ауыл-ауылдарда небір шаттығымен шуақ шашып отырған шаңы­рақтар көп. Тіпті отас­қандарына 75 жыл толған, немере, шөбе­ре­лерінің ортасында бақытты ғұмыр кешіп жатқан тәжтойының да иелері бар.
– Қазақ, негізі, жан-жануардың әр жасына сай атау беріп, тіпті қымыз­дың да сауылуына, сақталуына қарай әр­түрлі баға бере білетін өрелі халық. Осы жұбайлық өмірдің де әр кезеңіне қарай түрлі тойға айналдырып отыр­ған. Бірақ біз соларды бүгінде ұмыта бастағандаймыз. Сіздер жоба барысында осыны жаңғыртып, елдің есіне түсіретін шығарсыздар?
– Шаңырақтың шаттық тойлары: шыттой, ағаштой, раушантой, әйнектой, фар­фортой, күмістой, інжутой, кенептой, лағыл­той, алтынтой, гауһартой, те­міртой, тастой, игілікті той және де тәжтой. Ең биік шыңы – 75 жыл отасқан жұ­бай­лардың тәж­тойы. Оған жетудің өзі – бір бақыт. Елімізде ерінбей іздесек, біршамасын табармыз, ал енді бір ғана мысал кел­тіре кетсем, осы Алматы қаласында тұ­ратын – Төле­ген атамыз бен Рәйла апамыз. Шө­бере­лерінің өзі отызға тарта, яғни тамы­рын те­рең­ге жіберген алып бәйтерек деп осы отбасын айтсақ, әбден жарасады.
– «Отбасы құндылық болудан қалып барады» дейді бүгінде әлеу­мет­танушылар мен психолог мамандар. Олар жыл сайын ажырасушылар саны отбасын құрушылар санынан көбейіп бара жатқанын алға тартады. Сіз осымен келісесіз бе?
– Отбасы мемлекеттің темірқазығы, жал­пы, шағын моделі деуге де болады. Әр отбасы – өз алдына бір мемлекет. Сон­дық­тан, жалпы, мемлекет мықты болуы үшін біз әр отбасының беріктігіне мән беруіміз шарт. Біздің жобамыздың мақсаты да сол: яғ­ни ел үлгі алсын, өнердің ауыр жолына қа­ра­мастан, қол ұстасып бірге жүрген жұ­бай­лар мен олардың балаларына қарап, ой­лан­сын, барын бағалап, жоғын түген­де­сін деген ой. Себебі ел әншілерге, өнер адам­дарына қарап бой түзейді, соларға елік­теп, солар секілді болуға тырысады. Әйт­песе бүгінде жас отбасылар арасында да, орта жас­тағылар арасында да шаңырақ­тың шай­қалып жатқан оқиғалары аз емес. Соған көптің жаны ашуы керек, бір отбасын ұрыс-керістен аман алып қалуды ойлау керек. Ал қазір, керісінше, ажырататын­дар көп секілді. Ол – нағыз құрдымға апа­ра­тын жағдай. Ажырасып жатқандарға не­месе, жалпы, әйелі мен еріне «әй, ажы­рас­паңдар, дұрыс емес» деп айтып түсін­діру қиын, одан да осындай бір жақсы үлгі көр­сетсек, анағұрлым тиімді нәтижеге жетуіміз мүмкін. Әр адам отбасының ең бірінші құн­дылық екенін түсінуі шарт. Сонда ғана шаңырақ берік болып, түтіні түзу ұшады.
– Жобаға қатысушы жұптар жылда өзгеріп отыра ма, әлде?..
– Негізі, біздің мақсатымыз отбасының беріктігін көрсету болғандықтан, жылда қай­та сол отбасылардың бірге, жарасым­ды­лықтарының сол баяғы қалпында өзгер­мегенімен көрсетуге тырысамыз. Бірақ жо­ба­ны түрлендіріп отырамыз. Биыл салт-дәстүрді, абысындар арасындағы татулық, әулет­тің берекесі, ер-азаматтың жарына деген құрметін сахналық көріністер арқылы келісімді етіп көрсетуге күш саламыз. Ғалия Қайдауылқызы деген апамыз бізге «осы әншілеріміз неге төркін туралы ән айтпайды, ол да бір қазақ қызының жұрты емес пе?!» деген соң, ақын Исраил Сапарбай аға­мызға арнайы тапсырыспен «Төркінім – тал­бесігім» деген өлең жаздырып, Бота Бей­сен­қызына әнін шығарттық. Биылғы жоба­мызға қатысушы барлық келіншек соны бірге орындамақ. Осы ән орындал­ған­да сахнада отбасындағы қайын сіңлі, жең­ге, абысындар, сондай-ақ ене мен ке­лін ара­сындағы жарасымдылықты көрсет­пекпіз.

Түйін
Өнер мен өмірде жұптары жа­зыл­маған жұбайлар қазақ сахнасында аз емес. Мысалы, Қанат пен Айткүл Құдайбер­геновтер, олардың ұлы Ерболат та – қазақтың мақтанышы. Сондай-ақ Рамазан – Ұлту Стамғазиевтер, Құралай мен Мирастарға да сүйсіне қарап, бой түзеуге тұрарлық. Шығыстан келген Қаділбек – Маржан, Жетісудан келген Әбілтай мен Сая, Қайрат пен Жұлдыз, Ғани мен Бота, осы секілді отбасылар бар. Сара апайымыз әңгіме барысында бір қуанышты жағдайды ерекше айтты. Нұрлан мен Қалбибі атты жұбайлар ән салып жүріп, бес бала өмірге әкеліп, олардың барлығын керемет өнерпаз етіп тәрбиелеген екен. Жылдар бойы өз өнерлерінің арқасында елге танылып, соған қанағат етіп өмір сүріп отырған осы үлкен отбасының баспаналары да болмапты. Бірақ солай екен деп бір басшының алдына барып шағынбаған әрі әлгіндей өнерлі ұрпақ өсіріп отырған Нұрлан мен Қалбибіге риза болған Болат Назарбаев сынды Алаштың ардақты азаматы оларға үй сыйласа керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста