Еліміздің ақпарат кеңістігі тағы бір ерекше басылыммен толықты. Жуырда ғана Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында тұсауы кесіліп, алғашқы саны халыққа тарап үлгерген журнал «Ақжүніс – Астана» деп аталады.
Жаңа журналдың бетінде белгілі қоғам қайраткерлерінен бастап, қарапайым адамдар да өз ой-пікірлерін бере алады. Бұл басылымды атына қарап, тек қыз-келіншектерге арналған деп түсіну қате. Мұнда қазақ қоғамының бүгінгі рухани тыныс-тіршілігі барынша қамтылатын болады. Әзірге басылымның тұрақты демеушісі жоқ. Сондықтан да «Ақжүністің» алғашқы саны бес мың данамен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Атымтайдай жомарт азамат Нұртай Сабильяновтың демеушілігімен жарық көргендігін айта кеткен жөн.
Сәуле Әбединова, «Ақжүніс–Астана» журналының бас редакторы:
– Журналды шығарудағы басты мақсат – болашаққа ұмтылу. Көпшіліктің сұранысымен шыққан бұл журнал болашақта да жұмысын тоқтатпайды. Жобамыздың халықтан қолдау тапқан себебі бұл журнал кезінде талай көрерменнің көңілін жаулаған «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсетілген «Ақжүніс» бағдарламасының қағаз бетіндегі жалғасы іспетті. Бағдарламаның жабылғанына алты жыл болса да, «Ақжүністі» көп ешкім ұмыта қойған жоқ. Жалпы, журнал шығарудағы басты мақсатымыз – шамамыз келгенше қазіргі уақыттағы сырттан келетін ақпараттық экпансияға қарсы тұру. Осы орайда біз қазақ оқырманы үшін аянып қалмайтындығымызды баса айтқым келеді.
«Ақжүніс-Астана» жарық көрді
Последние статьи автора