«Ақжелкеннің» қадамы қуантады

«Ақжелкеннің» қадамы қуантады

Атыраудағы «Ақжелкен» шығармашылық орталығы батыс аймақтағы қылқалам шебер­лерінің басын қосып, өзара қарым-қатынасты нығайтуда біраз игі істің бастамашысы болып жүр. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысындағы суретшілер мен мүсіншілердің туындыларын атыраулықтар назарына ұсынған «Ақжелкен» енді Ақтөбе облысындағы қылқалам шеберлерінің шығармаларынан көрме жасақтады.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына ар­налған «Ақтөбе желкені» көрмесіне көр­шілес облыстағы 31 суретшінің 70-тен астам туындысы қойылған. Ақтөбе облыс­тық мұражайының директоры Марат Ғабдрахманов: «Жергілікті суретшілердің еңбектерін насихаттау үшін мұндай бірлестіктің маңызы зор. Әрі жас сурет­шілер осындай басқосулардың нәтижесінде тәжірибе алмасып, үлгі-өнеге алады», – дейді.
«Ақжелкеннің» тағы бір жаңалығы – жақында осы шығармашылық орталықтың жанындағы киностудия «Студенттік кез» атты кинофильмді көрермен назарына ұсынды. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен Тәуел­сіздіктің 20 жылдығына арналып түсірілген бұл туынды – жас режиссер Таймас Сапар­ғалиевтің алғашқы қадамдарының бірі. Қазақ киносының деңгейін жаңа сатыға көтеріп, бәсекелестікке қабілеттілік таны­туды мақсат қылған шығармашылық топта Нұркен Қожа, Жаңалық Сабидолла, Айдын Рахым, Амангелді Ерғазиев сынды бола­шақтарынан үміт күттіретін жас әртістер бар. Ал студенттік өмір туралы қазіргі за­ман­ға сай экшн стилінде түсірілген бұл фильмде басты рөлді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Назира Смағұлова, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының оқушысы Шы­ныбек Рахмашев және Шыңғыс Сабыровтар ойнайды.
«Ақжелкен» орталығының директоры, меценат Нұрберген Дәулетов ақтөбелік қылқалам шеберлерінің көрмесі 20 қа­занға дейін созылатынын, одан кейінгі кезек маңғыстаулық суретшілерге бері­летінін айтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста