Ақындық рухтың үндестігі

Ақындық рухтың үндестігі

Әдебиетте тағдырлар­дың қайталануы, болмаса өзара ұқсастықтары анда­ғайлап көрінетін құбы­лыс­тар бар. Мәселен, Абай мен Пушкин, Шәкәрім мен Толс­той, Алтынсарин мен Крылов... Жіпке тізілген алма қағындай әрқайсысы да өзгеше бір тәттілікті, жара­сымдылықты көрсе­теді. Қазақтың дара тұл­ғасы, жауынгер ақын Қасым Аманжоловты орыстың от ақыны Сергей Есенинмен шығар­машылық жағынан үндес деуге де болатындай.
Екі басқа ұлт ақынын, мейлі олар бөлек дәуірлердің өкілі болса да, көркемдік ерек­шеліктер, эстетикалық таным, әсемдік айшықтар деген тарауларда өзара үндес келуін мысалға алсақ жеткілікті. Сергей Есениннің ең бірінші өлеңдерінің өзі атамекен, туған жер тақырыбына ойысады. Оның «Кузнец», «Береза» өлеңдерімен қоса, 1917 жылы жазылған «О, Родина!» өлеңінде өз туған еліне деген ішкі сағы­нышын былай жеткізеді:
О, Родина, о, новый
С златою крышей кров,
Труби, мычи коровой,
Реви телком громов...
...И всю тебя, как знаю,
Хочу измять и взять,
И горько проклинаю
За то, что ты мне мать.
Ал Қасым «Атамекен» деген өлеңінде:
Сүйем сені туған ел – атамекен,
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.
Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,
Сенен артық не табам, қайда кетем?
Іздеймін деп «Жерұйық» желдей желген
Асанқайғы емеспін, Қасыммын мен!
Қорқыт та емен елсізде, көр басында
Қобызымен сырласып күңіренген.
Ерке жанмын, өмірде өстім еркін,
«Еркелеме, ей, жігіт, еспе» дер кім?!
Өз елімде өзендей гүрілдеймін,
Тасып, шалқып өтемін – осы сертім, –
деп жырлайды.
«И горько проклинаю, За то, что ты мне мать» Есенин нұсқасы қаншалықты тәкаппар, кең жазылса, «Өз елімде өзендей гүрілдеймін» немесе «Асанқайғы емеспін, Қасыммын мен!» деген сөздерде ақынның ерекше зор рухын сезуге болады. Ақын қуаты деп те осы құбылысты айтады. Сонымен, от жалынды поэзия екі ақында да көрінді. ХІХ ғасыр орыс әдебиетінің алтын ғасыры болса, ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің алтын ғасыры іспеттес. Әсіремақтауға балағанымыз емес, егер Есенин орыс поэзиясының бағдарын жаңа бағытқа бұрса, Қасым туындылары да қазақ поэзиясының жаңалығы бола білді. Алғашқы жинаққа енген өлеңдерден болашақтағы кемелденген Қасым ақын поэзиясының отты, лепті, сыршыл мінезі танылатын жекелеген жол, шумақтар табылғанымен, тұтастай алғанда, жинақ ақынның әлі де үйрену, еліктеуден бас­талған еді. Есениннің алғашқы өлеңдері формалық жағынан жаңашыл, ұранды болып келуімен қатар, толық пісе қоймаған, әлі де мол ізденіске баруына тура келгендігі көрінеді. Қайткенде де біздің сын табиғи қалыпта айтылып отыр. Себебі «Мәскеу бір күнде тұрғызылған жоқ». «Дәстүрлі қалып — поэзияның таусылмас азығы. Өткеннен өнеге алу — дарынның ең бірінші қия жолы» десек, Сергей Есениннің Пушкинге арнаған өлеңі мен Қасым Аманжоловтың Абайға арнаған өлеңдеріне зер салайық. Сергей:
Мечтая о могучем даре
Того, кто русской стал судьбой,
Стою я на Тверском бульваре,
Стою и говорю с собой...–
десе, Қасым «Абайға айтарым» өлеңінде:
...Бөлек бір туған кім едің!..
Атаның ұлы емессің.
(Кешіре жатар Кеңгірбай),
Халықтың ұлы боп өстің...
– деп тіл қа­тады. Зер салып қараған адамға екі ақын­ның да арнауларында дәстүрлі поэ­зияға деген үлкен құрмет пен ізеттілік байқалады. Олай болмауы да мүмкін емес. Абай мен Пушкин салған дәуір басындағы канонды леп кейінгі ақындардың оны сарқа жұмсап, сол арқылы даңғыл жол салуына бастау болады. Сондықтан да Есенин мен Аман­жоловтың шығармашы­лығына осы тұр­ғыда бір деңгейде салыстыра қарау адасу емес, қайта екі көршілес ұлт поэзиясына дендеп бақылау жасау болып табылмақ. Махамбет, Абай поэзиясының көркемдік табиғатына терең бойлау, дүниежүзілік поэзияның үздік, асыл үлгілерінен үлкен алымдылық, шалымдылықпен үйрену Қасымның буырқанған күшті талантын айқындаса, Пушкин, Достоевский, Ибсен шығармашылығын жазбай таныған Есенин поэзиядағы ескі жолмен бірге жаңа леппен көріне білді. Қайталаймыз, ұлттық құндылықтар алдымен орыс поэзиясын­да­ғы мысалдармен, «частушкаларды» Есе­нин­нің мүлдем жаңа қалпында көрсету дәуірі болса, біздің әдебиетте де Қасым поэзиясы жыр-дастандар, шешендік сөз­дердің «ма­йын ішкен», одан кейін, әлбетте, оларды жаңаша қалыпта реформалаған поэзия болды. Ақын лирикасындағы жаңа өжет пафос оның соғыстан кейінгі шығар­ма­шылығын да сол тұстағы көп шығарма­лардан көш бойы оқшаулап, оздырып шыққаны белгілі. Біздің мақсат тұтып отырған «Есенин мен Аманжолов» тарауы осымен бітті деуге тіпті де келмейді. Қасым соғыс өлеңдерін жазуда да адамгершіліктің, гуманизмнің соғысына дендеп кіреді. Ал Есенинде бұл тақырып ол соғысты көрмесе де, оның негізгі тақырыбы болып қала береді. Қасымға ойысар болсақ, ресми атал­мағанымен, оның ең негізгі ұстазы Мағжан Жұмабаев болғаны белгілі, нақтырақ айтсақ, оның өлеңдері. Ақын өз шығар­ма­шылығы арқылы 37-нің от дауылынан кейін жермен-жексен болған киелі Алаш топырағында алауыздардың айтқа­нына көніп, айдағанына жүретін мәңгүрт өлең­ші­лер ғана емес, от ауызды, орақ тілді ақынның барлығын айта келген шайыр еді. Неге екенін білмедік, бірақ жалғыз адам­ның атымен аталатын дәуір тек осы Қасым­дар дәуірі еді. Мәселен, Абайлар немесе Мағжандар дәуірі деп айтылмас, ал Қа­сымдар дәуірі мәңгі мызғып жанған кез. Себебі Қасым кейін өз сөзін батыл айта білетін К.Мырзабеков, Ж.Нәжімеде­нов, М.Мақатаев, Т.Айбергенов т.б. ақындардың шығуына мүмкіндік жасаған еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста