Ақындарға sms жолдаңыздар!
«Жастар жырлайды» деп аталатын айтыс өнерін әспеттеген жаңа бағдарламаның «Хабар» арнасынан көрсетіле бастағанына да көп бола қойған жоқ. Дегенмен уақыт өткен сайын аудитория аясын кеңейтіп келе жатқан бұл тележоба қазақ көрерменінің көңілінен шығып отырғанын айту қажет. Айтысқа қатысушы айтыскер жас ақындарға көрермен қауым sms арқылы өз дауыстарын беріп, жеңімпаздарды анықтай алады.
Айтысты талантты журналист, ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Жанарбек Әшімжан мен белгілі әнші, сазгер Роза Әлқожа жүргізеді.
Жоба жетекшісі – белгілі тележурналист Арман Сқабылұлы.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Хабар» агенттігі мен «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің бірлескен «Жастар жырлайды» атты айтыскер ақындардың тележобасында сіздердің әділ бағаларыңызды, яғни дауыстарыңызды күтетін ақындармен таныс болыңыздар:
Райымбек Түзелов –29 (Маңғыстау облысы)
Әсет Дүйсебаев – 30 (Жамбыл облысы)
Мұрадым Мирланов – 31 (БҚО облысы)
Марғұлан Ақан – 32 (Алматы қаласы)
Айтыс биылғы қыркүйек айынан бері әр жексенбі сайын сағат 15.30-да көрсетіліп келеді. Бір бағдарламадағы сөз додасында оза шапқан ақын жеңімпаз атанып, келесі кезеңге жолдама алады. Kcell байланыс компаниясы арқылы дауыстар айтыс эфирден өткен күннен бастап үш тәулік ішінде жинақталып, арнайы комиссияның отырысында анықталады.
Сөз жүйріктеріне дауыс беру үшін 6010 нөміріне ZH әрпін міндетті түрде теріп, одан кейін бос орын қалдырып, ұнаған ақыныңыздың реттік нөмірін жазып жіберіңіз. Аталған төрт ақынға дауыс беру 9 қараша күні сағат 21.00-де тоқтатылады.
Жаңа көзқарастағы жас буынның орамды ойлары мен ұтымды пікірлері таласқа түсетін айтыстың көрермені болып, ұлттық өнерімізді асқақтатайық!