Айтыс өнерінің ақ маңдайлы ақын қызы Сара Тоқтамысова екінші рет ана атанды. Жыр маржанын терген Сара ақын тағы бір ұлды дүниеге алып келді. Бұл Сараның екінші сәбиі. Оның тұңғышы да ер бала. Бұл қуанышты жаңалықпен Сараның ақын әпкесі Айнұр Тұрсынбаева өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. Ол жақын сіңіліндей болған Сараға өлеңмен тілек арнады.
Ал бүгін екінші рет ана атандың..
Жаратқан жарқыратып бағын ашсын,
Жалганга жана келген балапанның...
Менiң Сариттам тагы бiр аймаңдайлы ұлдын анасы атанды... Раббым, осындай бақытты бәрiмiзге жұғысты етсiн, – деп жазды Айнұр Тұсынбаева.