Ақын болсаң, қазып айтыс, газет бетінде жазып айтыс!

Ақын болсаң, қазып айтыс, газет бетінде жазып айтыс!

Қадірлі Алаш оқырмандары! Басылым бетіндегі жазбаша айты­сымыз жалғасуда. Газетіміз­дің 2009 жылғы 8 ақпандағы тұңғыш санында биылғы жыл­дың қаңтар-маусым айла­ры аралығында рес­публикалық «Алаш айнасы» газеті Жүрсін Ермановпен бірлесіп, «Алаш ақыны» атты айтыскер ақындардың жазбаша мүшәйрасын өткі­зетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.
Басылым бетінде ақындар айтысын жүргізудегі мақсат – ұлтымыздың төл өнері ай­тысқа деген халықтың ықы­ласын арттыру әрі айтыскер ақындарды насихаттау. Бұл ұлттық құндылықтарымыз бен мемлекеттік тілдің дамуына да ықпал етеді.
Жаңа жоба аясында бұған дейін Балғынбек Имашев пен Айтбай Жұмағұлов, Айтақын Бұлғақов пен Серікзат Дүйсенғазин, Айбек Қалиев пен Рүстем Қайыртайұлы, Айнұр Тұрсынбаева мен Жандарбек Бұлғақов, Шорабек Айдаров пен Нұрмат Мансұров сынды ақындардың бес бірдей жұбы қолдарына қалам алып, сөзтартысқа түскенін қайыра естеріңізге сала кетейік. Қазіргі уақытта ақындардың алтыншы жұбы – астаналық Еркебұлан Қайназаров пен қарағандылық Дидар Қамиевтің арасында өтіп жатқан тартыс аяқталуға жақын.
Біз жазба айтысқа қатысушы ақындардың жұптарын оқырмандардың есіне сала кетуді жөн санадық. Жеңіске жетіп, келесі айналымға өткен ақынның аты-жөні төмендегі кестеде қарайты­лып, асты сызылған. Айтыс­тың үшінші жұбы тең түсті. Сонымен:

Әдетте айтыс үлкен сахналар мен теледидарда белгілі бір уақыт кезеңінде ғана өтеді. Ал айтыстың баспасөздегі нұсқасы арқылы оқырман қауым айтыс барысын күнделікті қадағалап, оқып, баға беруге мүмкіндік алады.
Оқырмандардың есіне сала кетейік: бекітілген ереже бойынша екі аптада бір жұп айтысады. Өлеңнің көлемі төрт шумақтан, әр шумақ төрт тармақтан ас­пауы керек. Ал өлеңнің формасын түр­лендіріп (мысалы, ромб, квадрат, үш­бұрыш, шеңбер жасап) жазамын деу­шілер болса, олардың жаңашыл ізденісі де ескеріліп, бағаланады. Бірінші шумақта жалпылама ой айтылып, екінші шумақта белгілі бір мәселе көтеріліп, үшінші шумақта қарсыласқа нақты жауап беріледі, төртінші шумақта қарсыласқа сұрақ қойылып немесе жұмбақ жасы­рылады.
Қарсылас ақын өз кезегінде оған жауап беріп, қайыра сұрақ қойып, жұм­бақ жасырады.
Газеттің бір санында бір ақынның өлеңі жарияланады. Келесі санында қарсыластың жауабы беріледі. Осылай­ша айтыс алма-кезек жүреді.
Әр жұптың айтысу мерзімі аяқталған соң, оқырмандардан келіп түскен те­лефон қоңырауларын, хаттарды ескере отырып, айтыстың үлкен жанашыры, ақын Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы төрелігін айтып, жеңімпаздарды анықтап отырады.
Айтыстың жалпы қорытындысы биыл­ғы жылдың бірінші жарты жыл­дығының соңында, яғни 2009 жылдың маусым айында шығарылады. Бұл жобаға тек қана айтыскер ақындар қатыса алады. Айтыс аяқталып, жүл­дегерлер анықталғаннан кейін жобаның нәтижесі ретінде үлкен сахнада «Алаш айнасы» газетінің «Алаш ақыны» атты ақындар айтысы өтеді. Жеңімпаздардың жүл­делерін тапсыру сол кезде жүзеге асады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста