Ақтайлақ би айтқан сөз

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Сөз өнері» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді..

ДҮНИЕДЕ НЕ ЖЕТІМ?
(Ақтайлақ би айтқан сөз)
- Бұл дүниеде не жетім?
Санай берсең көп жетім
Үйрек, қаз қалқып ұшпаса
Дария - шалқар көл жетім.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел жетім.
Ұлығы әділ болмаса,
Төресін түзу бермесе,
Болады байтақ ел жетім
Өз бетімен білмесе,
Айтқан сөзге ермесе,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Замандасы болмаса
Өкей жастың ішінде
Қария болар тез жетім.
Қара қасты, қыпша бел
Сылаңдаса алдында,
Сөзіңді қабыл алмаса,
Құр қараған көз жетім.
Еңбегі еш, тұзы сор,
Көргенсіз болса қатыны,
Өмір бойы ер жетім.
Жаман болса барғаны,
Ішінде көп арманы
Наданға барған жақсы әйел,
Білер болсаң бұл жетім.
Бабын білмей иесі
Аяғына қан түскен,
Ұлы дүбір жиында
Қосылмаған ат жетім.
Дүниеден өтсе данышпан
Жүйріктермен жарысқан,
Оқитын ие болмаса
Жазулы қалған хат жетім.

Анықтама үшін: Ақтайлақ Байғараұлы (Ақтайлақ би) 1720-1816 жылдары аралығында ғұмыр сүрген, қазақ халқының атақты шешен биі, әрі төкпе ақын. Ақтайлақ бидің туған ауылы, шыққан ата-тегі жөнінде оның бүгінгі ұрпақтарының бірі, әдебиет зерттеушісі Серікқазы Қорабаев өзінің Ақтайлақ биге арнаған кітабында былай жазады: ... «Ақтайлақ би түрлі жиындарда кез келген адаммен сөз қағыстырға қалған жағдайда бір ауыз мақалмен немесе толғау жырымен ел тоқтататын қабілетке ие болатын. Сондықтан ол балиғат жасқа келмей жатып-ақ қазақтың қара тілі атанған-тын. Ақтайлақ би шамамен 1720 жылы қазіргі Семей облысының Абай, Жарма аудандары ортасындағы Құндызды өңірінде туып, жүзге қараған шағында дүниеден өткен»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста