Ақсу ақындарды күтіп отыр

Ақсу ақындарды күтіп отыр

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай еліміздің барлық аймағында ауқымды мәдени шаралар қолға алынып, бұл іске әсіресе қоғамдық ұйымдар белсене араласуда.
Соңғы жылдары қазақ әдебиетінің қа­ра­шаңырағы саналатын Қазақстан Жа­зу­шылар одағы руханият әлеміндегі жақсы бастамалардың өзегіне айналып, кешегі мен бүгінгі әдебиеттің дәнекері қызметін атқаруда. Бірер уақыт бұрын ғана өзінің 75 жылдық тарихын атап өткен, қазақ қа­лам­герлері бас қосатын шығарма­шылық ота­уында бүгінде қалыптасқан дәстүр бо­йын­ша көптеген игі шара ұйым­дас­тырылып жүр. Қазіргі әдебиет болса заманға қарай икемделіп, жаңарған қоғамның келбеті тың шығармаларға арқау болып келеді. Бұл ретте техноло­гиялық жетістіктер алға озған бүгінгі ақпа­раттық қоғамда ұлт әде­бие­тінің туын жық­пай, рухани құнды­лық­та­рымызды дәрі­п­теп, қазақ сөзін биік мін­бе­лерден айтып жүр­ген қаламгерлер қа­уы­мы­ның еңбегі өл­шеу­сіз екені сөзсіз. Осы орай­да шығар­ма­шылық одақ тағы бір бас­­та­маның ұйыт­қысы болып отырған­ды­ғын тілге тиек ете кетейік.
Атап айтсақ, таяуда Қазақстан Жа­зу­шылар одағы мен Алматы облысы Ақсу ауданы әкімшілігі бірігіп, Ақсу ауданының 80 жылдығына орай жазба ақындардың республикалық «Ағынды менің Ақсуым» атты жыр мүшәйрасын жариялады. Осы жобаның заңды жалғасы ретінде Алматы облысы мен Ақмола облысының ақындары арасында «Сараның сіңлілері – Біржанның іні­лері» деп аталатын республикалық ақын­­­дар айтысын да өткізу жоспар­лан­ған.
Бұлар – тамыры тереңде жатқан бай әдеби мұрамызды халық арасында кеңінен насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойына отаншылдық дәнін егіп, рухани тыны­сымыздың ашылуына септігін тигізетін жобалар. Аталған екі жоба да алдағы 7-8 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданының 80 жылдық мерейтойы күндері қорытын­дыланбақ. Мүшәйра мен айтысқа қатысуға ниетті шығармашылық иелері қосымша ақпарат алу үшін 8(727) 2 61 12 52 телефонына хабарласуына болады.
Мүшәйра жөніне келсек, оның негізгі мақсаты – Алматы облысы Ақсу ауданының шежірелі тарихын, өткені мен бүгінін, елден шыққан тұлғалардың бүтін бітімін жыр тілімен насихаттау, жұртшылықтың поэзияға деген құштарлығын арттыра отырып, өлең сөздің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түйсінуге ықпал ету, Ақсу ауданының әлеуметтік әдеби-мәдени саладағы табыстарын жырға қосу. Жыр жүйрігі Ілияс Жансүгіров 45 жасында өмір­ден озғандықтан, мүшәйраға 45 жас­қа дейінгі ақындар қатыстырылады. Мү­шәй­раға ат қосқан ақын үш өлеңін жол­дауы тиіс. Оның біреуі – Ақсу ауданына, екін­шісі Ақсу ауданының тумасы, қазақ поэ­­зия­сы­ның құлагер ақыны Ілияс Жан­сү­гі­ровке ар­­налып, үшінші өлең еркін та­қы­рыпта бо­луы міндетті.
Бәйгеге ұсынылатын туындылардың көлемі бес беттен аспауы шарт. Шығар­малар 2011 жылдың 28 сәуіріне дейін қабылданып, мүшәйра қорытындысы Ақсу ауданының 80 жылдық мерейтойы қар­саңында шығарылады. Жүлдегер ақындар мерейтойға арнайы шақы­ры­лады.

Бәйге мөлшері:
Бас бәйге (біреу) – 300 мыңтеңге;
Бірінші бәйге (біреу) – 200 мың теңге;
Екінші бәйге (екеу) – 150 мың теңгеден;
Үшінші бәйге (үшеу) – 100 мың теңгеден;
Ынталандыру бәйгесі (бесеу) –75 мың теңгеден.
Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

Мүшәйра жүлдегерлері төсбелгі-ме­даль­дар мен дипломдармен және Ақсу өңі­рінен шыққан әдебиет пен мәдениет қай­раткерлері Ілияс Жансүгіров, Қа­бызшы Молықбай, Ғали Орманов, Сайын Мұрат­бе­ков, Құдаш Мұқашев, Қанипа Бұғы­баева, Өтепберген Ақыпбеков, Жа­мау Бұ­қар­баев, Ораз Жұмашев, Са­ғын­болат Тін­таев, Свет Оразаев атындағы ар­найы сый­лық­тармен марапатталатын бо­лады.
Жазушылар одағы ұйытқы болып отыр­ған екінші жоба – «Сараның сіңлілері – Біржанның інілері» деп аталатын рес­пуб­ликалық ақындар айтысы да өз деңгейінде өткізілмек. Қазақтың атақты ақын қызы Сара Тастанбекқызының туған өлкесінде тарихта із қалдырған әйгілі «Біржан мен Сара айтысын» жаңғырту, дәстүрлі қыз бен жігіт айтысын дамытуға үлес қосу, елден шыққан тұлғалардың бірегей болмысын сара сөз арқылы наси­хаттауды мақсат тұтқан айтыс та өз тың­дау­шысын табады деген сенім бар. Алдын ала іріктеуден соң айтысқа қатысқан «Сараның сіңлілері» мен «Біржанның інілеріне» қазақ өнерінің бел­гілі тұлғалары – Біржан мен Сара атындағы және Ақсу ауданының ау­зы­мен құс тістеген суырыпсалма ша­йыр­лары – қарт Толғамбай, Қуат Терібаев, Иман­ғали Қалиасқарұлы сынды халық ақын­дары атындағы арнайы қаржылай сыйлықтар табыс етілмек. Шы­ғар­машылық одақ пен жергілікті әкім­ші­лік­тердің бірлесіп қолға алып жүрген мұн­дай игі бастамалары мен руханиятымызға дем беретін жобалары алдағы уақытта да өз жалғасын тауып отырса деген тілек бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста