«Аққу-Гакку» сахнаға оралды

«Аққу-Гакку» сахнаға оралды

Екі жылдай сахнадан көрінбей кеткен «Аққу-Гәкку» театры таяуда сахнаға жаңа қойылымдарымен қайта оралмақ.
Қазақ сатира театрларының қос қар­лы­ғашы, «Тамашаның» еркелері, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлбау­шан Тілеубекова мен Данагүл Темірсұл­та­но­валар құрған  әзіл театры біраз үзілістен ке­йін әзіл-қалжыңға толы думанды кеш­те­рін  Халықаралық әйелдер күніне арнамақ. Кө­рермен қауым «Ерке сылқым», «Алып қа­шу операциясы», «Ұялы телефонның үй­дей бәлесі», «Таныс шапан» сияқты жаңа қо­йылымдарды көріп тамашалайтын бо­ла­ды. Аталмыш концертке  Мақпал Жү­ні­со­ва, Қарагөз Тілеубекова, «Ару ана» тобы жә­не басқа да өнер жұлдыздары қа­ты­сады.
Асқар НАЙМАНТАЕВ, «Аққу-Гәкку» театрының режиссері және авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Бұл күлкілі думан барлық театрлар мен шоу бағдарламалардан өзгеше, ерекше болады. Халық өзінің сү­йікті актерлерін сағынып қалды, сол са­рыла күткен сағынышты алдамауға бел байлап отырмыз.

Сондай-ақ «Аққу-Гәкку» театры жақында Тал­ды­қорған, Тараз, Ақтау қала­ларына да гас­трольдық сапарға шықпақшы. Ас­тана көрермендері «Ақ­қу-Гакку» теа­тры­ның жаңа бағдарла­масын Күлкі күні та­машалайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста