Бүгін Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының «Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлығының мәтінін жариялады.
Жарлық бойынша әдебиет саласындағы ең жоғарғы сыйлық «Тар кезең» тарихи романы үшін жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы мен «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін Гүлнар Салықбайға берілетіні белгілі болды.
Ал өнер саласы бойынша «Песня – душа моя» жеке концерті үшін Пантелей Кесоглу мен «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін Балнұр Қыдырбек марапатталады екен.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін авторлар ұжымы – Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа Мемлекет басшысының Мемлекеттік сыйлығы беріледі.
Ақорда: Биылғы Мемлекеттік сыйлық иегерлерінің тізімі жарияланды
Последние статьи автора