Талайдан бері басы даудан арылмай келе жатқан "Кешью" тобының экс-солисі Ақбота Сейітмағамбеттің марқұм анасына арнаған сөзі желі қолданушыларының жүрегін ауыртты.
Ол желідегі парақшасына ата-анасымен түскен балалық шақтағы суретін жариялаған.
"Анашым... Сағындым...Туған күніңмен...Жанымда болғаныңды қалап едім...", - деп жазған әнші.
Анасына сағынышын жеткізген әншіге оқырмандары басу айтып, ақ тілектерін жазды.
"Жаным Ақбота, ананың орны бөлек. Көңіліңді түсірме, біз сенімен біргеміз", "Мұңаймаңыз. Анаңызды жаны жәнната болсын!", "Осындай тәтті, қылықты қыздың жүрегінде мұңы бар деп ешкім ойламайды. Анаңның жаныңда болмағаны, оған деген қол жетпес сағыныштан артық ауыр нәрсе жоқ шығар", "Ақбота, анаңыз-əкеңіз сіздің қасыңызда болмаса да əрқашан жүрегіңізде! Ең бастысы анаңыз сізді əрқашан жамандықтан желеп-жебепеп, жақсы ісіңізге қуанап мақтан тұтып тұрады", - деп жазған оқырмандар.