Ақбота Сейтмағамбет: Жанымда жүріп, жүрекке кіріп, ішінен тіліп кететіндерден сақта
Ақбота Сейтмағамбет ел назарында. Соңғы уақытта әншінің жеке өмірі көптің қызу талқысына түсті. Ол тыңдармандарының өзін қызықтырған сұрақтарына жауап беріп көрді.
Ақбота Сейтмағамбет Дәурен Айдарқұлопен ажырасқан соң желіде өзге жігіттермен түскен суреттерін жария етті. Бірі оны хайп десе, бірі жеке өміріне қатысты деп болжады. Суреттегі жігіттердің бірі әншімен дуэт айтқан жас әншілер, бірі әріптестері.
Соңғы кезде Ақботаны актер Шерхан Пірназармен бас қосты деп болжады. Алайда актер мұның жай ғана әзіл екенін айтып, өзі отбасылы екенін мойындады.
Ақбота Сейтмағамбетті сынға алған да, бақыт тілеуші тыңдармандары да көп.
“Өміріңізде арқа сүйейтін азамат пайда болды ма?”, – деп сұрады олардың бірі.
Әнші желі оқырмандарының әрқайсысының сұрағына жауап беріп өтті.
“Жанымның егізін тапқанда айтармын. Алла сол күнге жеткізсін. "Өтірік күліп, жанымда жүріп, жүрекке кіріп, сырымды біліп, ішінен тіліп кететіндерден сақта! Екі беткей, құбылмалы жағымпаздардан алыс ұстасыншы Аллам. Ниеттері өздеріне жолдас болсын", - деп жазды ол.”, – деді әнші.
Көпшілік қолдау білдіріп, ақ тілегін арнады.
“Арманыңа жет, жақсы жігіт кездессін”, “Кімге ренжулісің?”, “Жақсы адам әлі кездеседі”, “Жолдасыңмен қосыл”, “Іші тар адамдар көп қой”, “Сіз ақжүрек адамсыз”, “Жеке өміріңізде тағы да жолыңыз болмады ма?”, “Сізде тұрақтылық жоқ”, – деп жазды желідегілер.