Үнемі ел назарынан тыс қалмайтын Ақбота Сейітмағамбет жұбайы Дәурен үшін ашық сахналардан бас тартқан. Екінші баласына аяғы ауыр актриса түсірілім алаңдарына сценарийді қарамай бармайтын болған деп жазады НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ақбота Сейітмағамбет ашық сахналарға түсуге Дәуренге де тыйым салған.
"Алдымен сценарийді Ақбота екеуміз көріп, келісіп аламыз. Егер ашық сахналары болса, оны өзгертуге тырысамыз", - дейді Айдарқұлов.
Ал Ақбота күйеуіне түсірілім алаңында да видеоқоңырау шалатынын мойындады.
"Жаным", "Күнім" деген түсірілімдер болып жатыр ма деп, қызғанамын. Хабарласып, whatsapp-та хат жазысып отырамыз. Бірақ, көбінесе видеоқоңыраулар арқылы сөйлесеміз", - деді актриса.
Айта кетейік, осыған дейін Ақбота Сейітмағамбеттің екінші сәбиіне аяғы ауыр екені белгілі болған еді.