Ақбота Сейітмағамбет: Атың шықпаса жер өртеу керек

 Өнерінен гөрі, жеке өмірі арқылы танымалдылығы артқан Ақбота Сейітмағамбет әйел бақытын баласы дүниеге келгеннен кейін ғана сезінгенін айтты. Сондай-ақ әнші халыққа танымал болу үшін: «Атың шықпаса жер өртеу керек» деп ойлайтынын жасырмады деп хабарлайды Comode.kz сайты.

«Әйел бақытын балам арқылы сезіндім десем болады. Анамын. Аллама мың шүкір! Тыныш, бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Балам қасымда. Жақындарым, туыстарым, достарым бар. Бақытымды бағалай білемін. Қазақтың ерке қызы болып туылғаныма бақыттымын. Бақытты сезіне білу керек”,-деді әнші.

Атағыңды шығарудың түрлі жолы бар деген Ақбота танымалдылыққа жетудің ең оңай жолын айтты.

«Атағыңды шығарудың жолдары көп. Ең жақсы жолы өз салаңа күніне ең кемі 4-5 сағат уақыт бөлу керек. Еңбектену керек. Өз салаңның нағыз тәжірбиелі маманы болу керек. Ал ең оңай жолы: Атың шықпаса жер өртеу керек (күліп)»,-дейді Ақбота.

Ақбота өзіне қатысты түрлі сыни пікірлерді қарша борататын кей жандардың өзін ең алдымен ана ретінде, біреудің қарындасы ретінде қабылдауын қалайтынын жеткізді.

«Мен біріншіден анамын, біреуге доспын, әпкемін, қарындаспын, бір сөзбен айтқанда қазақтың ерке қызымын. Өнер жолында жүрген қарапайым әншімін. Алар асуы бар, бағындырар белесі бар, алға қойған мақсаты бар, арманы бар, ойы бар адаммын. Кім болғым келеді? Осы өмірге келген соң, Абай атамыз айтпақшы: «Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан», – демекші, осы өмірде өз орнымды табу. Халқыма қызмет етіп, аз болса да пайдамды тигізу.

Біз болашағымызды жобамен жорамалдаймыз, Бірақ бәрі Алланың қолында екенін ұмытпайық. Мен де ұмытпаймын. Бірақ қол қусырып қарап отырғаным жоқ. Өнер адамы болып қалыптасу үшін, аянбай еңбек етіп, білек сыбана жұмыс жасап жатырмын",- деп ағынан жарылды әнші.

Еске салсақ, Ақбота Сейітмағамбет "Кешью" тобының бұрынғы әншісі. Ол үш баласы бар актер Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығып, бір жылдан кейін ажырасып кетті.

Comode.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста