"Ақбота-Нұр Асылхан Төлеповке тұрмысқа шыққан сәтін жариялады"
"KeshYou" тобының бұрынғы әншісі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет әлеуметтік парақшасына жұртты шулатқан бейнежазба жүктеді. Ел отбасылы адамардың бұлайша көңіл қосқанын қызу талқылауда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бейнежазбадан басында белгілі актер Асылхан мен Ақбота-Нұрдың бірге тұрған сәтін байқайсыз. Бірақ көп ұзамай екеуі бірден басқа образға енеді. Яғни әншінің үстінде той көйлегі болса, Асылхан костюм-шалбар киген. Екеуі құдды бір үйлену тойын жасап жатқандай кейіпте.
Олардың бұл әрекеттері жұрттың қызу талқысына түсті. Бірі Ақбота-Нұрдың дәл осындай жігітке лайықты екенін жазса, енді өзгелері отбасылы адамдардың бұл әрекеттері тым ерсі дегенді алға тартуда.
"Асылханның әйеліне ауыр тиеді ғой, неге саласыз?", "Осы-ақ қатыны бар еркектерге тыныштық бермейді екен", "Мә, осындай жігітке лайық едің ғой", "Екеуі де отбасылы адамдар емес пе? Кино шығар", "Қандай жарасымды жұп", — деген пікірлерін жазуда желідегі жұрт.