Ақан Сатаев "Қазақфильм" басшысы қызметінен кетті
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев белгілі режиссер Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ басшысы қызметінен кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті достар, осы жазбамда талантты және табысты режиссер Ақан Сатаевқа "Қазақфильм" АҚ президенті ретіндегі қажырлы, бастысы және жемісті қызметі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді", - деп жазды Дәурен Абаев Facebook-парақшасында.
"Бүгін Ақан Қарғамбайұлы аты аңызға айналған киностудия басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Оның шығармашылық жолында да кино өнерінің дамуына септігін тигізетін серпінді жобалар әкелетініне сенімдімін", - деп жазды мәдениет және спорт министрі.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу