«Ақ жауын» күй өнерін кеңінен насихаттап келеді

«Ақ жауын» күй өнерін кеңінен насихаттап келеді

Күй – өміршең өнердің бірі һәм бірегейі. Бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізген төл мұрасын кеңінен насихаттау, бүгінгі буынның санасына сіңіру бағытында «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің атқарып отырған еңбегі – зор. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылы қасиетті өлке – Ұлытау топырағында берген сұхбатында да, Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында да уақыттан еш ұтылуға болмайтынын, ең бастысы, осынау жаһандану заманында әр ұлт өз бояуын сақтап қалуға тырысу керектігін аңғартқан болатын. Ал халықтың ұлттық бояуын, қадір-қасиетін сақтаудың бірден-бір жолы, ол – әр қазақ өз ана тілінде сусындап, тамыры тереңге тартқан мәдениетінен нәр алуы тиіс. Міне, осы тұрғыдан келгенде аталмыш оркестр ұжымы тарихы тереңде жатқан күй өнерін насихаттаумен келеді. 

«Қазақстанда қалыптасқан бейбітшілік пен бірлікті әр қазақ көзінің қарашығындай сақтауға ат салысуы қажет. Бұл жолда барлық қазақстандықтарды біріктіретін қайнар көз, ол – қазақтың мәдениеті, төл өнері десек, артық болмас. Сондай бірлікке бастайтын, ел рухын көтеретін шараларға «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі үнемі ат салысып келеді. Аталмыш ұжымда Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері мен мәдениет саласына еңбек сіңірген қайраткерлері Рамазан Стамғазиев, Абай Әбішев, Дәлел Уашев, Клара Төленбаева, Гулмира Сарина, Ерлан Рысқали, Айгүл Үлкенбаева сында өнер майталмандары өнер көрсетеді. Сондай-ақ, «Наз» би театрының да халықты тамсандырған өнерін ерекше атап өткен жөн», - дейді «Ақ жауын» оскестрінің директоры Ерлан Дәкенов.
Былтыр аталмыш ұжым еліміздің батыс өңірінде болып біршама қалалар мен аудандарда шығармашылық кештерін өткізіп, күй өнерінен тамаша тарту жасап қайтқан болатын. «Биыл да дәстүрге сай, Мемлекеттік камералық оркестр алдағы жылы республикамыздың түпкір-түпкіріне гастролдік сапармен барып, шығармашылық кештер өткізуді жоспарлап отыр», - дейді Е.Дәкенов.

Ботагөз Бағдәулет,
Астана

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста