Аңыз даланың дарабозы – Құлагерге ескерткіш орнатылды

Көкшетауда Ақан серінің аты аңызға айналған тұлпа­ры Құлагерге ескерткіш ашыл­ды. Қаладан шыға беріс­тегі жолдың сол жақ қапталында даланың дара­бозы тұғырға қондырылған. Қазақтың қазанаты мен тұл­парларын түгендеп жүрген, ұлттық өнер жанашырлары түгел осы өлкеге жиналды десек, артық айтқандық болмас.
Тұлпардың өз мүсіні толықтай бетоннан құйылып, астындағы тұғыры гранитпен қап­­тал­ған. Биіктігі сегіз жарым метрді құ­рай­тын еңселі ескерткішті елорданың бел­гілі мүсіншілері жасап шығарыпты. Астана қалалық суретшілер одағының басқарма төрағасы Қоңыр Мұхамедиевтің айтуынша, ескерткішті қай жерге орнату керектігі Көкшетау қаласының сәулет бас­қар­масы өкілдерімен ақылдасып шешілген. Бұл мақ­­­сатқа бас-аяғы 5 миллиондай теңге шы­­ғындалды. «Құлагер топтан оз­ған жү­й­­­рі­гім-ай!» деп жырға қосқан Ақан серінің өлең жолдары тасқа қашалып жа­зыл­ған. Ақмола облысы әкімдігінің тап­сырысымен жүзеге асырылған шара ел Тәуел­сіздігінің 20 жылдығына арналып отыр.
Осыдан тура бір жыл бұрын Астана қаласының шетінде ұлы даламыздың атақ­ты тұлпары Құлагерге ескерткіш орнатыл­ғаны есімізде болар. «Астана-Көкшетау» тас жолының бойында орналасқан мүсіннің ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко, Тұрсынбек Кәкішев, Нұрғожа Ораз, Әкім Тарази, Бошай Кітап­баев тағы да басқа ақын-жазушылар мен мемлекет қайраткерлері қатысқан еді. Осыдан кейін жылқы десе ішкен асын жер­ге қоятын, делебесі қозатын қазақтың қасие­ті сіңді ме, әлде түсінде текті тұлпар­дың рухы аян берді ме, әйтеуір, Ақмола облысының басшысы Көкше жерінде тұл­парға ескерткіш орнатуға білек сыбана кірісті. Ебін тауып қаржы бөліп, ойын жүзеге асырды. Бұл өзге өңір басшыла­рына да үлкен үлгі деуге тұрарлық. Қалай болған күнде де, ұлттық құндылығымызды дәріптейтін мұндай игі шаралардың өске­лең ұрпаққа беретін тәрбиелік мәні зор екенін ұмытпаған абзал. Сарыарқаны әні­мен әлдилеп, сазды әуенімен әуелеткен Ақан серінің «Бота тірсек, қыз сағақ, сан­дал керімі» енді Көкшетаудың келбетін аша түспек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста