Антарктидадан көне үш пирамида табылды
Археологтар Антарктидада ежелгі өркениет кезеңінде салынған үш пирамиданы тауып алды, деп хабарлайды rosbalt.ru.
Ғалымдардың айтуынша, бұл пирамидалар табиғи апаттан пайда болмаған. Өйткені олар өте дәлдікпен салынған. Пирамидаларға зерттеу жүргізу арқылы археологтар оларды кім және қашан салғанын дәл анықтай алады.
10 жыл бұрын Америка ғалымдары Антарктидадан үлкен кратер тапқан болатын. Мұны олар ірі метеориттің құлауынан пайда болуы мүмкін деп топшылайды. Сонымен қатар, құрлықтағы флора мен фаунаның жоғалуына дәл осы табиғи апат себеп болуы мүмкін деген де болжам жасалады.
Жақында Ресей ғалымдары Антарктидадағы Шығыс көлінен белгісіз бактерияны тапқан болатын. Оның белгілі организмдермен 86% генетикалық сәйкестігі бар. Оны ғалымдар «В123-10» деп атады.
Шығыс көлі — Антарктиданың шығысында орналасқан, қалыңдығы 4 шақырым болатын қалың мұз басып жатқан алып көл.