Әнші туар, тыңдаушы тумай қор болады-ау!

Әнші туар, тыңдаушы тумай қор болады-ау!

Алаш аспанын әуелеген әнімен тербеп,  жиырмаға толмай-ақ талайларды мойындатып, жаны «аласа» жандарға ұлылық ұғымын ұқтыруға ұмтылған  дара тұлға Жәнібек Кәрменовтің өмірден озғанына он жеті жылдың жүзі болыпты. Нағыз қамал алар шағында қайран ер өзі талай әнін шырқаған Ақанның  Құлагерінің жолын құшты. Дәстүрлі ән додасында желдей жүйткіп келе жатқан  жүйріктің ажалы автомобиль ішінде отыр екен... Амал не, алпыс жылдығын алаш жұрты Жәнібексіз қарсы алды.
Әуелеген әнімен, қайталанбас үнімен қа­тар, әншінің артында үш баласы мен жа­ры қалып еді. Алпыс жылдық мерейтой қар­саңында  Жәнібек Кәрменовтің от­ба­сының жағдайын білуді біз өзімізге па­рыз санадық. Асыл жары Тұрар Бай­генқызы мен Әсет, Ақбота, Шаһкерім сын­ды ұл-қыз­дары және немерелері бізді құ­шақ жая қарсы алды.
– Көңіл құсы құйқылжып отырған сә­тін­де Жәнібек Біржанның «Айтбайын» са­лу­шы еді, керісінше еңсесі түсіп, жанын мұң торласа,  Абайдан жұбаныш іздейтін. Ал ең алғаш оның аузынан естіген әнім Иман­жүсіптің «Ерейментауы» болатын, – деп бастады әңгімесін Тұрар апай.
– Мен жасымда, жігіттер, топтан астым,
Менменсіген талайдың көңілін бастым.
Қасыма ерген жолдасқа олжа салып,
Бір күнде сегіз қызды алып қаштым, –

деп әнге салғанда, сенесіз бе, сенбейсіз бе, 18 шаршы метрлік бөлменің терезелері сы­қырлады. Өкінішке қарай, мені өзіне ға­шық еткен Жәнібектің осы әнін сақтай ал­мадым. «Теміртастың» да таспасы қал­мапты...  
Осылайша мезгілсіз өлі­мімен өзге­лер­ге орны толмас өкі­ніш арқалатып кеткен ол өмір ерте есейткен ерекше жан еді. Жәнібектің бойындағы жылт ет­кен ұш­қынды алғаш бай­қап, оны Жүсіпбек Еле­бе­ков­тей жез таңдай әншіге алып барған Кә­рім Нұрбаев, Кә­­мен Оразалин, Бәтташ Сы­ды­­қов, Орынғали Сыдықов, Мол­­дабек, Мей­рамбек Жан­бо­ла­тов­тар сынды Абай өңі­рі­­нің ел ағалары еді. 1967 жы­­лы Ал­ма­тыдағы өнер сту­дия­сының Жүсіпбек Еле­бе­ков сыныбына қабылданған Жә­нібектің «аяқтан шалушы­лар­­ға» күйініп, ауылға тар­­тып тұр­­ғанында,  Ішкі істер министрі Шы­­рақ­бек Қабылбаевтың  «24 сағаттың ішін­­де ән­ші бала Алматыда болатын бол­сын» деп бұйрық беруі де біраз жайды аң­ғарт­қан­дай. Ерекше дарын иесінің осы­дан ке­йін екінші тынысы ашылғандай жа­ңа бір «жұлдызды» шағы басталды.  «Жү­сіп­бек­тің жас шәкірті» деген атақ ауыз­дан-ауызға тарап, өнерге жаны ғашық Қо­­­наевтың құлағына да жетсе керек.  Жә­ні­­­бекті арнайы шақыртып алып, әніне там­сан­­ған Димекең сол жылдың соңында үш бөл­­­мелі пәтердің кілтін табыс етеді. Міне, на­­ғыз талантты қолдау, дәстүрлі әнді құр­мет­теу!
– Баяғыда Біржан серілік құрып, Абай елі­­не келіпті, – деп жалғастырды әңгі­месін Тұ­­рар Байгенқызы, – ел-жұрт болып оның әнін ­тыңдап, бірнеше күн қонақ ет­кен. Содан қай­­татын кез де келіпті. Қи­мас­тықпен қи­на­ла шығарып салып тұрып Абай: «Паһ шір­­кін, Біржан аға, енді қайтып сіз­дей ән­ші қа­зақта туар ма екен, тумас па екен?» – деп­ті. Сонда Бір­жан: «Әй, шы­­ра­­ғым Абай­жан-ай, алтын құр­сақ қа­­зақ аман бол­са, мен­дей әнші туар­-­ау, бірақ дәл сендей тың­дау­­шы тумай қор болады-ау!» – де­­­ген екен. Сол ай­­тылғандай, Жә­­ні­­бектің шын бақыты – тың­дау­шы­сын тап­­қан­дығында. Бірақ Біржан болжаған за­ман дәл қазір болып тұрғаны даусыз. Се­­бебі қоңыр домбыраны серік етіп, Ақан, Біржан, Әсеттердің үнін өшірмей, ас­пандағы аққуға әнін қосқан өнер иелеріне құр­меттің жоғы бүгінде анық байқалады. Жә­нібек тірі болғанда осындайда, бәлкім, Абай­дан жұбаныш іздер ме еді деймін кей­де?!.
Өмірден өтер тұсында біртүрлі тұңғиық ой­ға беріліп, томаға-тұйық күй кешкен Жә­нібектің бір алданышы сол кезде жаңа ту­ған сәбиі Шаһкерімнің жөргегінің иісі болса керек. Қайтыс боларын сезген ол жан сырын тек досы Тұрсынға айтса керек. «Осы мен биылдан қалмайтын сияқ­тымын. Өйткені апам түсіме еніп жүр» деп сөз соңын: «Керімнің есінде қа­лар ма екем?» – деп бітіріпті. Сөйткен Шаһ­ке­рі­мі бү­гін­де жиырмаға жетіпті. Бір қы­­зығы, балаларының ішінен әке жолын қу­ғаны да осы кенжесі екен.
Шаһкерім Жәнібекұлы:
– Әкем менің санамда адамгершіліктің эталоны ретінде сақталыпты. Кейде өзім­нен үлкен Әсет пен Ақботаға қарап оты­рып, қызғаныш сезімі туады. Олар әкемнің қа­сында жүріп еркелеп өсті, ал мен болсам әкем кеткенде тіпті есімді де білмейтін сәби бол­дым. Сондықтан өмірдің қыспаққа ал­ған кейбір сәттерінде әкемнің құшағын, ала­қанының жылуын іздеп, «тым болмаса тү­­сіме енсе» деп тілеймін. Дегенмен «жақ­сы әке жаман ұлға қырық жыл азық» дейді ғой, шынымен, әкем бізге әлі күнге рухани азық болып келеді. «Жәнібек Кәрменовтің ұлы» деген – мен үшін ең үлкен құрмет! 

Керек дерек
Сәуле Жанпейісова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық әні кафедрасының меңгерушісі:
– Жез таңдай әншінің құрметіне біз сәуірдің 23-інде дәстүрлі ән­­­ші­­лер байқауын өткізбекпіз. Байқауға қатысушыларға қойы­ла­­тын бас­ты шарт – Жәнібек Кәрменовтің «Бабалар» және «Ой­­ла­маңдар, жі­гіттер» атты екі толғауымен қатар, әншінің ре­пер­туарынан бір әнді нақышына келтіріп орындау. Сондай-ақ осы күні кешкісін Ғалымдар үйінде Жәнібек Кәрменовті ес­ке алу кеші бол­мақ. Оған Рамазан Стамғазиев, Әділет Мұса, Се­кен Сыздықов, Ме­йір­гүл Нұрмағамбетова, Дүйсенбек Өмір­әлиевтер сынды Жәнібек Кәр­меновтен дәріс алған шә­кірт­терімен қатар күміс көмей әншіге тол­ғау арнаған  белгілі дәстүрлі әнші Тұрсынғазы Рақымов қа­ты­сады.

Түйін:
«Алаштың аяулы ұлы алпысқа келіпті. Елең еткен ел жоқ. Етіміз өліп кеткен бе? Әлде тұрмыспен бірге аңсарымыз да ауысып кеткен бе?..» – деп ұстазының мерейтойының өткізілуіне көңілі толмаған Бекболат Тілеухан баспасөзге үн қатып еді, кешікпей Мәдениет және ақпарат министрлігінен мынадай мәтіндегі жауап хат келіпті:
«...Кәрменовтің ұлттық мәдениет пен өнерге сіңірген еңбегін ескере отырып, министрлік тарапынан Астана, Алматы, Семей қалаларының әкімшіліктеріне әншінің шығармашылық еске алу кештерін, Семей қаласында Кәрменов атындағы дәстүрлі орындаушылардың байқауын тұрақты түрде өткізу туралы ұсыныс берілді. Бұған қоса әнші туралы мемлекеттік теле-радио арналарында арнайы хабарлар ұйымдастыру, әндерін дыбыстық бейнетаспаларға түсіру және ағымдағы жылы әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару бағдарламасы бойынша Кәрменовтің әдеби мұрасының үш томдығын 2009-2011 жылдар аралығында жарыққа шығару жоспарланып отыр. Биыл мамыр айында өткізілетін VII Республикалық Ә.Қашаубаев атындағы жас әншілердің дәстүрлі ән байқауында Ж.Кәрменов атындағы арнайы жүлде тағайындалатын болды.  Сондай-ақ елордамыздың бір көшесіне Ж.Кәрменовтің есімін беру туралы мәселе ҚР «әкімшілік, аумақтық құрылыс туралы» заңының 13-бабы, 14-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде болғандықтан, министрлік аталған қаланың әкіміне бұл мәселенің оң шешімін табуы жөнінде хат жолдайды...»
«Айтылған сөз – атылған оқ» болса жарар еді...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста