Отандық әнші Шаһизада Байпатшанова өзінің шын есімін айтты. "Менің өмірім" бағдарламасына келген өнер иесі туу туралы куәліктегі есімін мәлім етіп, ел білмейтін құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"Құжатта дұрыс жазылмаған. Негізі кішкентай кезімнен құлағыма естілгені "Шаһизада", "Шаһи" болатын.
Туу туралы куәлігіме мән бермегенмін. Өсе келе қарайсың, бірақ мән бермейсің. Құжаттың бәрін ауыстыру керек, оның керегі не?
Құжат бойынша - Заһизада.
Негізі азан шақырып қойған есімім - Шаһизада.
Құжат бойынша дұрыс емес. Менің марқұм үлкен атам кітапқа қарап қойған екен. Шаһи және зада деген екі мағынаны білдіреді", - деді әнші.