Әнші Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер араша сұрайды

Әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер елден араша сұрайды. Олар 45 жылға жуық жұмыс істеген орнынан «зейнеткер» деп қуғынға ұшырағанын айтып отыр. Бұл туралы Құдайбергеновтер Facebook-тағы парақшасында жазды.

 

«Біз Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияда 45 жылға жуық жұмыс істеп келеміз. Еңбегіміз еленіп, мемлекеттік марапат та алдық. Енді облыстық мәдениет басқармасы мен филармония басшылары бізді жұмыстан шығарып, киелі сахнаны босатыңдар деген талап қойып отыр. Сіздердің пікірлеріңіз қажет болып тұр. Нұрғали ағамыз, Бибігүл апайымыз, басқа да сахна саңлақтары әлі күнге дейін өз ұжымында жұмыс істеп, өнерін паш етіп жүр.

Филармониямызда бар жоғы төрт-бес республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткері бармыз. Бәрімізді зейнеткер деп сахнадан қуып шығу әділдік пе? Кейінгі өнерлі жастарға бетке ұстар, облысымыздың мақтан тұтар өнер тарландары деп үлгі етудің орнына сахнадан кетіңдер дегені қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар? Бәріміздің кәсіби деңгейіміз жоғары. Фонограмма қолданбаймыз, халық үшін сағаттап ән салып, күй тартуға бармыз», – деп жазды Құдайбергеновтер.

 

 

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста